Асар-2 шағынауданында 17 шақырым жолға шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде

Асар-2 шағынауданында 17 шақырым жолға шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде

Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің орынбасары А.Парманов және қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандары бірлесе Асар-2 шағынауданының инфрақұрылым және топырақ жолдарға шағал тас төсеу бойынша халықпен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Асар-2 шағынауданында ауыз су жүйесімен қамту бойынша қазіргі таңда «Сарыағаш-Аман» ЖШС тарапынан жұмыстар жүргізіліп, аяқталуға таяды. Биыл қараша айында тұрғындарға сапалы ауыз су берілетін болады. Сонымен қатар, электр жарығы бойынша «Ремстрой Алматы» ЖШС тарапынан жұмыстар толығымен аяқталды.

Тамыз айында тұрғындар электр жарығына қол жеткізбек. Табиғи газ мәселесі бойынша «Отау Строй» ЖШС тарапынан жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың қараша айында шағынаудан тұрғындарын табиғи газға қосу жоспарлануда.

Сондай-ақ, бүгінде "Атырау Group" ЖШС тарапынан шағынауданындағы 17 шақырым жолға шағал тас төселінуде, деп хабарлайды no-comment.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Денсаулық сақтау министрінің төрағалығымен ведомство алқасының кезекті отырысы өтті, онда ағымдағы жылдың 9 айында саланың негізгі...