Өнерпаздар концерті онлайн өтуде

Өнерпаздар концерті онлайн өтуде

Бүгінде әлемді жайлаған қауіпті індет кезінде мәдениет майталмандары әуелеген әні, әуезді күйі, мың бұралған биімен қалың жұртшылыққа рухани күш беруде.

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты мекемелер, соның ішінде Шымкент қалалық мәдениет үйі өнерпаздары өнерлерін онлайн арнап, көрермен ықыласына бөленіп жүр. Қазіргі жаһанданған, ақпараттық жүйе дамыған уақытта керемет концертті, өңірлік сүйікті өнерпаздар өнерін тікелей эфирде, онлайн тамашалау зор мүмкіндік деуге әбден болады. Бастысы өзіңіздің және өзгенің өмірі мен денсаулығына зиян келмейтіні анық.

Осы орайда, Шымкент қалалық мәдениет үйінің талантты әншісі Астана Қарғабайдың 28 шілде күні, сағат 17.00-де тікелей эфирде өтетін әдемі кешін онлайн тамашалауға шақырамыз. Ән кешін @turkistаn_saray, @Шымкент Мәдениет парақшаларынан тамашалай аласыздар, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы АЭС құрылысын жүргізуге қатысты жалпыхалықтық референдумды 6 қазанға белгілегеннен кейін, елдегі жетекші саяси партиялар мен...

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдаулар­ындағы басты мақсат – халықтың табысын арттырып, әділетті азаматтық қоғам құру. Биылғы Жолдаудағы 9...

Үкіметте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен жер комиссиясының жаңа форматтағы отырысы өтті, деп хабарлайды ...