Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесі жартыжылдық қызметін қорытындылады

Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесі жартыжылдық қызметін қорытындылады

2025 жылғы 12 наурызда Шымкент қаласы мәслихатының өкімімен бекітілген Қоғамдық кеңестің IV шақырылымы бірінші жартыжылдық кезеңде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Кеңес мүшелері қаланың өзекті мәселелерін қарап, талдаулар жүргізіп, мемлекеттік органдарға нақты ұсынымдар жолдады.

Бірінші жартыжылдықта Қоғамдық кеңестің 5 отырысы өткізілді. Оның ішінде 1 отырыс қала жастарымен, 1 отырыс Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарымен ұйымдастырылды. Әр аптаның сейсенбі күндері кеңес мүшелерімен ішкі жиындар өткізіліп, қаланың әлеуметтік-экономикалық мәселелері қарастырылып, хаттар мен өтініштерді талқылануда. Атап айтқанда, Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты 8 басқарма басшысының, 1 аудан әкімінің және 1 департаменттің есептері тыңдалып, 15 мәселе қаралды. 50-ге жуық ұсынымдар тиісті мемлекеттік органдарға жолданды. Сонымен қатар, бір мемлекеттік органнның есебі қанағаттанарлықсыз деп танылып, қосымша қайта тыңдау өткізуге қалдырылды.

Одан бөлек, Кеңес мүшелері 30-ға жуық нормативтік құқықтық акт жобаларын қарап, олар бойынша тиісті ұсыныстар мен қорытындылар берді. Есепті кезеңде Қоғамдық кеңестің қарауына 15 өтініш келіп түскен, олардың 14-і жеке тұлғалар, 1-і заңды тұлға. Барлық өтініштер заң талаптарына сәйкес қаралып, тиісті органдарға жолданған.

Сонымен қатар, Қоғамдық кеңес қаланың бірнеше маңызды мәселелерін бақылауға алып, тиісті шешімдерін табу мәселелерін қарастырды. Оның ішінде Шымкент қалашығы (Цитадель), Металлург саябағындағы абаттандыру жұмыстары, Бозарық тұрғын алабындағы қоқыс алаңдары, Бадам өзеніндегі заңсыз шағал тас пайдалану сияқты экологиялық мәселелер. Нәтижесінде, тиісті басқармаларға нақты ұсыныстар беріліп, олардың орындалу мерзімдері белгіленді.

Қоғамдық кеңес мүшелерімен мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» акциясына қолдау көрсетіліп, экологиялық акциялар ұйымдастырылды. Осы жұмыстардың аясында кеңес мұшелерінің ұйымдастыруымен 1300 түп ағаш отырғызылды.

Жалпы, Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесі өз қызметін ашықтық, жариялылық және тиімділік қағидаттары негізінде іске асыруда. Кеңес отырыстарының барлығы бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен өткізіліп, жұртшылыққа кеңінен жеткізілуде.

Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесі алдағы уақытта да қала тұрғындарының игілі мен қоғам мүддесін қорғау бағытындағы маңызды әрі жауапты қызметтерін әрі қарай жалғастыратын болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

12 тамызда Шымкентте Халықаралық жастар күні жаңа идеялар мен мүмкіндіктер алаңына айналды. Jastar Fest фестивалі жүздеген жасты жинап, мерекелеумен қатар, құны 1 млн...