Егін жинау: Президенттің шаруаларды қолдау және ауыл шаруашылығы құрылымдарын техникамен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмалары қалай орындалуда

Егін жинау: Президенттің шаруаларды қолдау және ауыл шаруашылығы құрылымдарын техникамен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмалары қалай орындалуда

Қазақстанда егін жинау науқаны басталып, қазіргі уақытта еліміздің 12 өңірінде астық жинау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның тиімділігінің негізгі шарты – диқандарды егін жинаудың жоғары қарқыны мен өнім сапасын сақтауға мүмкіндік беретін қажетті ресурстармен және техникамен уақтылы қамтамасыз ету, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауға ерекше көңіл бөлініп отыр. Қолайлы жағдайлар жасау тәуекелдерді азайтуға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді.

Жедел деректер бойынша, бүгінгі таңда 1,1 млн гектар жерде астық жиналып, 1,6 млн тонна астық бастырылды. Сонымен қатар 17,4 мың тонна майлы дақылдар, 363,5 мың тонна картоп, 1,3 млн тонна көкөніс және 1,6 млн тонна бақша дақылдары жиналды.

Ел бойынша жаппай егін жинау науқаны тамыздың үшінші онкүндігінде басталады.

Ресурстармен және техникамен қамтамасыз ету: дайындық жоғары деңгейде

Бүкіл ел бойынша егін жинау науқанына 139 мың трактор, 31 мың астық жинайтын комбайн, 17 мың шапқыш және 130 мың басқа техника тартылатын болады. Бүгінгі таңда жалпы дайындық 93%-ды құрайды. 

Өңірлерге егін жинау жұмыстарын жүргізуге литрі 254 теңгеден жеңілдетілген бағамен 402 мың тонна дизель отыны бөлінді, бұл нарықтық құннан 18-20%-ға арзан (ЖМҚС-ларда бағасы литріне 310-315 теңге құрайды).

Жиын-терім маусымында ауыл шаруышылығы өндірушілерін қолдаудың қаржылық құралдары

2025 жылы көктемгі дала және жиын-терім жұмыстарын жүргізуге жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 700 млрд теңгеге дейін жеткізілді. Фермерлерге бұл қаражат субсидиялаудың арнайы тетігінің арқасында жылдық 5%-дық төмендетілген мөлшерлеме бойынша түседі.

Қаржыландыру алты арна арқылы жүзеге асырылады. Олар – «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ арқылы тікелей несиелеу, екінші деңгейдегі банктер, микроқаржы ұйымдары, өңірлік инвестициялық орталықтар, кредиттік серіктестіктер және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК).

Мемлекет басшысының 2024 жылғы 15 қарашадағы Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында берген тапсырмасына сәйкес, былтыр алғаш рет 2025 жылғы көктемгі дала және жиын-терім жұмыстарын ерте қаржыландыру бағдарламасы іске қосылды. Еліміздің барлық өңірлерінде өтінімдерді қабылдау 29 қарашадан басталды.

Бүгінгі таңда жеңілдетілген кредиттеу бағдарламасы бойынша 500 млрд теңгеге жуық сомаға 7 543 өтінім берілді, оның ішінде 490,1 млрд теңгеге 7 485 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қаржыландырылды, бұл 7,8 млн га егіс алқаптарын қамтиды.

Оған қосымша «Даму» КДҚ» АҚ-ның қарыздарға кепілдік беру бағдарламасы жұмыс істейді. Ол кепілдік базасы жеткіліксіз фермерлер үшін кредит сомасының 85%-на дейін жабады. Осы бағдарлама шеңберінде 226,1 млрд теңге сомасына 1 304 кепілдік берілді, ал берілген қарыздардың жалпы көлемі 192,2 млрд теңгені құрады.

Жалпы алғанда 2025 жылы жеңілдетілген қаржыландыру тетігі арқылы кемінде 8 млн га егістік алқапты қамту жоспарланып отыр.

Ақмола облысында егін жинау науқаны: егіс алқаптарын әртараптандыру және технологиялық қамтамасыз ету

Ақмола облысы – Қазақстанның жетекші аграрлық өңірлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы жұмыстарын үйлестіру үшін мұнда алғаш рет тұқым материалының сапасын және агротехнологиялардың сақталуын бақылайтын агрономиялық кеңес құрылды.

Президенттің өсімдік шаруашылығы өнімін өндіруді әртараптандыру жөніндегі тапсырмасын орындау үшін егіс қорытындысы бойынша өңірдегі жаздық егістің жалпы ауданы 5,3 млн гектарға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 128 мың гектарға артық. Бұл ретте бидай егістігін кезең-кезеңімен қысқарту – 4 млн гектардан 3,8 млн гектарға дейін, майлы дақылдар егісін 226,8 мың гектарға кеңейту жүргізілуде. Көпжылдық шөптерді қоса алғанда, жемшөп дақылдарының ауданы 18,3 мың гектарға ұлғайып, 336,6 мың гектарға жетті.

Ақмола облысының шаруалары егіс науқаны аяқталғаннан кейін 4,2 млн га алқапта егістіктерді арамшөптерден, химиялық өңдеуден өткізіп, жоспардан 6%-ға асып түсті. Зиянкестермен күресуге ерекше назар аударылды – шегірткелердің таралуын болдырмау үшін 132,9 мың га өңделді.

Қазіргі уақытта 1 млн гектардан астам аумақта дақылдарды бидай трипсінен және басқа да бірқатар аурудан қорғау жалғасуда.

Биыл облыс бойынша 336 мың тонна минералды тыңайтқыштар енгізу жоспарланған, өткен маусымға қарағанда 78 мың тоннаға артық. Мемлекеттік резервтерден қосымша 12 млрд теңге бөлінді, бұл жоспардың толық көлемде орындалуын қамтамасыз етеді. Шаруалар 307 мың тоннадан астам отандық тыңайтқыштарды сатып алуға шарттар жасасты, олардың 286 мың тоннасы жеткізілді және енгізілді.

Егін жинау науқанын бастау шеңберінде жаңа егінді сақтау мәселесіне ерекше назар аударылуда: облыста жалпы сыйымдылығы 4,3 млн тонна болатын 66 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындары және жалпы сыйымдылығы 2,9 млн тонна болатын 1,5 мыңнан астам астық қоймалары жұмыс істейді. Бұдан басқа, өнімділігі сағатына 9,7 мың тоннаға жуық 264 астық кептіргішті іске қосу жоспарлануда, бұл тәулігіне 235 мың тоннаға жуық кептіруді қамтамасыз етеді.

Өңірде 7 мыңнан астам астық жинайтын комбайн егін жинауға дайын, оның ішінде 4,8 мыңы – қазіргі заманғы өнімділігі жоғары модельдер, 2,7 мыңға жуық орақ және 4,8 мың жүк көлігі. Жабдықтың техникалық дайындығы 100%-ды құрайды.

Бұл ретте күздік дақылдарды жинау Зеренді және Сандықтау аудандарында аяқталды: 604 гектардан орташа өнімділігі 27,4 ц/га болатын 1,7 мың тонна астық жиналды. 

12 тамыздағы жағдай бойынша өнімділігі 10,7 ц/га болатын 47,8 мың га дәнді және бұршақты дақылдар орылды, 51,1 мың тонна астық жиналды.

Мал шаруашылығына жем дайындау мақсатында 1,275 млн тонна шөп (жоспардан 96,5%) және 99,3 мың тонна шөп (жоспардан 38,2%) жиналды. 

Жем-шөп дайындаудың жалпы жоспарына 3,171 млн тонна жем-шөп, пішен, сүрлем, сабан және құрама жем кіреді. Малдың қысқы қорегін сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылуда.

Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау және қаржыландыру – Ақмола облысы

2025 жылы Ақмола облысының агроөнеркәсіптік кешенін қолдауға шамамен 233,5 млрд теңге бөлінді. 63,3 млрд – қайтарылмайтын субсидиялар, оның ішінде өсімдік шаруашылығына 26,6 млрд, мал шаруашылығына 5,7 млрд, сондай-ақ инвестициялық субсидиялар мен пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауға 30,4 млрд, терең өңдеуге 0,6 млрд.

Жеңілдетілген несиелер мен форвардтық сатып алуларды қаржыландыру көлемі 170 млрд теңгеге жетеді және оған «Кең Дала» және «Кең Дала-2», «Ауыл аманаты» бағдарламалары, техниканың жеңілдетілген лизингі және инвестициялық жобаларды кредиттеу кіреді. Тек «Кең Дала» және «Кең Дала-2» бағдарламалары бойынша шамамен 117 млрд теңге сомаға 905-ке жуық фермер жеңілдетілген несиелендірумен қамтылды.

Ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингінің іске асырылып жатқан бағдарламасы Президенттің машина-трактор паркін жыл сайын 8-10%-ға жаңарту жөніндегі тапсырмасын орындауға ықпал етеді. Осы жылдың 7 айында өңірде 39,8 млрд теңгеден астам сомаға 1 115 бірлік техника сатып алынды, бұл өткен жылдың деңгейінен 1,4 есе артық.

Солтүстік Қазақстан облысындағы егіс алқаптары және егін жинауға техникалық дайындық

Солтүстік Қазақстан облысы – еліміздің астық егетін жетекші өңірлердің бірі. Биыл егін жинауға жататын ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы ауданы шамамен 4,3 млн га құрайды, оның ішінде:

  • дәнді дақылдар – 3 млн га

  • майлы дақылдар — 978,8 мың га

  • жемшөп — 392 мың га

  • картоп – 8,6 мың га

  • көкөніс — 1,4 мың га.

Әртараптандыру бағдарламасы шеңберінде жоғары маржиналды және майлы дақылдар алқаптары едәуір ұлғайтылды:

  • жасымық +155 мың га

  • күнбағыс +65 мың га

  • зығыр +119 мың га

  • рапс +121 мың га

Агротехникалық іс-шараларды сәтті өткізу үшін өңірдің аграршылары 52,5 мың тонна элиталық тұқым септі, ал сұрыптарды жаңарту 11,2%-ға жетті. 

Күзгі дала жұмыстарына 58,2 мың тонна жеңілдікті дизель отыны бөлінді.

Егін жинау науқанына 7 мыңнан астам астық жинайтын комбайн тартылды, оның 4 мыңға жуығы – қазіргі заманғы өнімділігі жоғары модельдер, 12,3 мың трактор, 9 мың тіркеме, 4,5 мың шапқыш және 5,6 мың жүк автомобильдері. Техникалық дайындық 100%-ды құрайды. Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы машиналарының паркі 3%-ға жаңартылды: 36,5 млрд теңгеге 1 360 бірлік техника сатып алынды.

Облыста жаңа егінді сақтау үшін шамамен 7 млн тонна сыйымдылық орны құрылды, оның ішінде 3,2 млн тоннасы – 45 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарында.

Солтүстік Қазақстан облысындағы несие бағдарламалары және шаруаларды қаржылай қолдау

Биыл өңірдің агроөнеркәсіп кешеніне қолдау көрсетілуде, оның ішінде «Кең Дала» және «Кең Дала-2» бағдарламалары арқылы бүгінде шамамен 97 млрд теңгеге қаржыландырылды. 

«ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы шаруалар 25,3 млрд теңгеден астам сомаға жеңілдетілген несие алды, сондай-ақ форвардтық сатып алуға тағы 7,4 млрд теңге бөлінді.

Қостанай облысында ерте пісетін дақылдарды жинау және жаппай жиын-терім жұмыстарына дайындық

Қостанай облысында 5,1 млн гектар алқапта егін жинау жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Өңірде дәнді дақылдар 4,08 млн гектар, майлы дақылдар – 873,5 мың гектарды алып жатыр. 

Қазіргі уақытта диқандар арпа мен сұлы сияқты ерте егілген бидай мен жемдік дақылдарды жинауға кірісті. 

Ауыл шаруашылығы техникасы дайындығының жоғары деңгейі байқалып отыр: егін жинау науқанына 7,9 мың астық жинайтын комбайн және 8,2 мың жүк көлігі қатысады.

Биыл Қостанай облысына 83 мың тонна дизель отыны бөлінді. Шілдедегі көлем – 15,6 мың тонна толығымен өңірге жеткізілсе, тамыз айына 29,6 мың тонна жоспарланған. Жеткізуді  20 оператор жүзеге асырады, оның ішінде 5 кәсіпорын өз ресурстарын пайдалануда.

Қостанай облысының астық кептіру және сақтау қоймаларының сыйымдылығы 

Өңірде жаңа астықты сақтауға арналған жалпы сыйымдылығы 3 млн тоннаны құрайтын лицензияланған 34 астық қабылдау кәсіпорны жұмыс істейді. Қосымша шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыйымдылығы 5,3 млн тонна болатын қоймалар бар, бұл жалпы 8,3 млн тонна сақтау сыйымдылығын қамтамасыз етеді.

Облыста астық кептіру үшін 415 астық кептіру қондырғысы орнатылған. Қолда бар қуаттар өсірілген өнімнің барлық көлемін сақтауға мүмкіндік береді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президенттік жастар кадр резервінің ресми сайтында «Ситуациялық тапсырмаларды шешу» үшінші кезеңіне өткен кандидаттардың тізімі жарияланды, деп...