Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиді құттықтады

Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиді құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Премьер-министр Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

– Бұл күн үнді халқының мызғымас рухы мен мемлекеттік құрылыс, экономикалық даму және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолындағы тамаша жетістіктерін көрсетеді, – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Үндістан арасындағы қарым-қатынас сипатын оң бағалап, екі елдің стратегиялық серіктестігі алдағы уақытта да нығая беретініне сенім білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президенттік жастар кадр резервінің ресми сайтында «Ситуациялық тапсырмаларды шешу» үшінші кезеңіне өткен кандидаттардың тізімі жарияланды, деп...