Ынтымақ бар жерде – ырыс бар

Ынтымақ бар жерде – ырыс бар

Қазақтың «Ынтымақ бар жерде – ырыс бар» деген дана сөзі қоғам дамуының басты қағидасын айқындайды. Тарихқа көз жүгіртсек, ел бірлікке ұмтылғанда ғана қиындықты жеңіп, еңсесін тіктеген. Ал алауыздық тұтастыққа сызат түсірген. Демек, ынтымақ – өткеннің де, болашақтың да берік кепілі.

Қоғамдағы тыныштық пен бейбіт өмір адамдардың бір-біріне құрметпен қарап, ортақ мақсатқа ұмтылуынан басталады. Әділет үстемдік еткен жерде сенім артып, сенім бірлікті, ал бірлік тұрақтылықты қалыптастырады.

Бүгінде Қазақстан жүзден аса этносты ортақ шаңырақ астына біріктіріп, татулық пен келісімнің әлемге үлгі болар тәжірибесін қалыптастырды. Түрлі ұлт өкілдері ел дамуына үлес қосып, достық пен берекенің нақты нәтижесін көрсетіп отыр.

Бейбіт өмірдің құнын соғысты көрген ата-бабамыз жақсы түсінді. Сол арманға біз жеттік. Ендігі міндет – оны сақтау. Өйткені ынтымақ – ел қуатының, жастар болашағының, мемлекет тұрақтылығының кепілі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в Казахстане  продолжается работа по системной модернизации топливно-энергетического комплекса....

Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде отын-энергетика кешенін жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Сенімді, өзін-өзі...