Н.Көшеров Түркістандағы жолдардың құрылысын пысықтады

Н.Көшеров Түркістандағы жолдардың құрылысын пысықтады

Түркістан қаласында инфрақұрылым жаңарып, тұрғындар игілігіне қажетті жобалар жүйелі түрде жүзеге асуда. Қала көшелері жаңартылып, коммуналдық жүйелер тартылып жатыр. Биылдың өзінде 159 көшеге жөндеу жұмыстары жоспарланып, бүгінде оның 79-ында құрылыс толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қала аумағындағы бірқатар маңызды нысандарды аралап, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Аймақ басшысы Отырар мөлтек ауданындағы жолдарды орташа жөндеу жұмыстарына назар аударып, нысандардың сапасын көзбен көріп бағалады.

Сондай-ақ әкім Ойсыл қара және Шаян көшелерімен жаяу жүріп өтіп, құрылыс сапасын тексерді. Жергілікті тұрғындармен тілдесіп, олардың пікірлерін тыңдады. Нұралхан Көшеров мердігер компанияларға нақты тапсырмалар беріп, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына ерекше мән беруді, жолдардың тұрғындар үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз болуын басты талап ретінде атап өтті.

– Ең бастысы – сапа. Тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігі әрқашан бірінші орында. Сондықтан әрбір жұмыс уақтылы әрі сапалы орындалуы тиіс, – деді облыс әкімі.

Түркістан қаласының күннен-күнге жаңарып, инфрақұрылымдық даму көрсеткіштерінің артып келе жатқаны – жергілікті билік пен халық арасындағы сенімді серіктестіктің нәтижесі. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын таппақ.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

В Послании Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева «Справедливый Казахстан: закон и порядок, экономический рост, общественный...

В Карагандинской области открылся новый пост пожаротушения – в селе Ахмет Нуринского района. Он обеспечивают защиту более тысячи человек. Пост...

Қасым-Жомарт Тоқаев Патрик Мпойи Луабеяға ілтипат білдіріп, оның сапарын Қазақстан мен Конго Демократиялық Республикасы арасындағы ынтымақтастықты...