Қасым-Жомарт Тоқаев Лиссабон орталығындағы апат салдарынан көптеген адамның қаза табуына және жарақат алуына байланысты Президент Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соуза мен барша португал халқына көңіл айтты, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті бақилық болғандардың туыстарын сабырға шақырып, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестігін жеткізген.