ІІМ онлайн-есірткі саудасына қарсы күресті күшейтті

ІІМ онлайн-есірткі саудасына қарсы күресті күшейтті
Былтырдан бері ҚР Ішкі істер министрлігінің құрылымында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті жұмыс істейді. Комитет мемлекеттік органдар, интернет-алаңдары және әлеуметтік желілер арқылы қылмысты анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты жолға қойды. Осылайша, 8 айдың қорытындысы бойынша 2388 есірткі қылмысы анықталды, 14 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды, оның үшеуі трансұлттық. Сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топтың 13 жетекшісі мен 52 белсенді қатысушысы қамауға алынды. Бұл туралы ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманға ілтипат танытып, оның елімізге Парламент Төрағасы ретіндегі алғашқы сапары екіжақты байланысты нығайтуға тың...