Президент геологиялық барлау жұмыстарын күшейтуді маңызды міндет ретінде атады

Президент геологиялық барлау жұмыстарын күшейтуді маңызды міндет ретінде атады

«Елімізде ауқымды аэро-геофизика зерттеулері әбден ескірген.

Цифрлық құралдарды пайдалана отырып, жер қойнауының заманауи картасын жасайтын уақыт келді. Мұндай қадам кен орындарының әлеуетін жаңа сапалық тұрғыдан бағалауға мүмкіндік береді. Бұл жұмысқа да халықаралық сарапшыларды тартуға болады. Әрине, ғылыми негізі болмаса, барлау жұмысын ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.

Келесі жылдың ортасына дейін озық халықаралық стандарттарға сай сертификаты бар зертхана ашу керек. Оны Ұлттық геологиялық қызметтің базасында құрған жөн. Жер қойнауына қатысты мәліметтің бәрін, ең алдымен, жасанды интеллектіні енгізу арқылы жүйелеп, цифрландыру қажет.

Геологиялық барлау саласы ауқымды инвестицияға мұқтаж. Үкімет бұл өзекті мәселені ескеру керек. Геологиялық барлау және жер қойнауын игеру саласындағы реформалардың заң жүзіндегі және іс жүзіндегі рәсімдерін жыл соңына дейін аяқтау керек».

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент бүгін екі ел жылнамасындағы тарихи күн екенін атап өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. – Қазақстан Республикасы мен Конго Демократиялық...

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Феликс Чисекеди келіссөзді екі елдің ресми делегация мүшелерінің қатысуымен жалғастырды, деп хабарлайды No-comment.kz - ...

Ақордада елімізге мемлекеттік сапармен келген Конго Демократиялық Республикасының Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды ...