Астанада киберқауіпсіздік саласындағы жаңа шешімдер таныстырылды

Астанада киберқауіпсіздік саласындағы жаңа шешімдер таныстырылды

Astana Hub алаңында Demo Day iBatyr бірегей іс-шарасы өтті. Қазақстандағы киберқорғаныс саласындағы инновациялық технологиялар мемлекеттік органдар мен нарық қатысушыларына таныстырылды. Бағдарлама аясында кибершабуылдарды модельдеу және деректер мен веб-қосымшаларды қорғау құралдарын сынақтан өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шараны ҚР Цифрлық даму министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті мен «iBatyr» ЖШС бірлесіп ұйымдастырды.

Жеке деректердің таралуын алдын алу, мемлекеттік сервистерді стандарттан тыс қауіптерден қорғау, қауіпсіздік жүйелерін интеграциялау мен қызметкерлердің тәртібін күшейту мәселелеріне басты назар аударылды.

Қатысушыларға iBatyr компаниясының шешімдері таныстырылды:

  • iBatyr Monitor — мекемедегі оқыс оқиғаларды зерттеуге және жеке деректердің таралып кетуінің алдын алуға мүмкіндік беретін құрал.
  • iBatyr WAF — веб-қосымшалардың интеллектуалды «қорғаушысы», нақты уақыт режимінде шабуылдарды бұғаттайды. Әсіресе мемлекеттік сервистер мен миллиондаған азаматтардың жеке деректері өңделетін онлайн-платформалар үшін аса маңызды.

«Бүгінде жеке деректерді қорғау — ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Біздің шешімдер қазақстандық технологиялардың заманауи цифрлық қауіптерге тиімді қарсы тұра алатынын және мемлекеттік әрі корпоративтік сервистерге пайдаланушылардың сенімін қамтамасыз ете алатынын көрсетіп отыр», — деді «iBatyr» ЖШС директоры, киберкластер қауымдастығының төрағасы Виталий Ли.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында айтылған бастамалардың ішінде бір палаталы Парламент құру мәселесі ерекше назар аудартады. Бұл –...

– Мемлекет басшысы бүгінгі халыққа арнаған Жолдауында бірқатар қоғамдық үдерістерге тоқталып өтті. Әрбір азамат мемлекетшіл, отаншыл болуы керек...

«Цифрлық ипотека» ұлттық жобасы шеңберінде Қазақстанда екінші дәрежедегі тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша нотариаттық мәмілелерді...