Биылғы жылы Шымкент қаласында 93 жоба іске асырылуда

Биылғы жылы Шымкент қаласында 93 жоба іске асырылуда

Биылғы жылы Шымкент қаласында 93 жоба іске асырылуда. Оның ішінде ауыз су бойынша – 14, кәріз жүйесі – 13, электр энергиясы – 20, табиғи газбен қамту – 18, жылу жүйелері – 3 және инженерлік инфрақұрылым бойынша – 25 нысанның құрылыстары қолға алынған.

Биылғы жылы ауыз суды кестемен тұтынуға мәжбүр 5 тұрғын алап пен шағын аудандардың екеуінде ауыз су жүйелерінің құрылысы жүргізілсе, су тасымалдап ішетін 7 елді мекеннің тұрғындары орталықтандырылған су жүйелерімен қамтылмақ.

Бұл жөнінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновке биылғы жылдың алты айында атқарылған жұмыстар туралы есепті қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Болатбеков кеңінен айтып өтті, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған No-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Денсаулық сақтау министрінің төрағалығымен ведомство алқасының кезекті отырысы өтті, онда ағымдағы жылдың 9 айында саланың негізгі...