Электр энергиясының сапасын арттыру кезек күттірмейтін маңызды мәселе

Электр энергиясының сапасын арттыру кезек күттірмейтін маңызды мәселе

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновке биылғы жылдың алты айында атқарылған жұмыстар туралы есепті қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Болатбеков тапсырды.

Қала әкімі М.Әйтенов халық тұтынатын электр энергиясының сапасын арттыру кезек күттірмейтін маңызды мәселе екендігін айта отырып, қосалқы станцияларды іске қосуды жеделдетуді және бұл жұмыстарды атқару барысында жүйелі тірлік атқаруды талап етті. Тұрғындарды газбен қамту жобалары бойынша биыл аяқталуы тиіс жұмыстарды жылыту маусымына дейін толығымен бітіріп, пайдалануға беруді тапсырды. Халықты газбен қамтудағы ауқымды жоба — №3 автоматты газ реттегіш станциясындағы сынақ жұмыстарын талапқа сай атқарып, жақын күндері іске қосуды жүктеді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған No-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында Президенттің энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ақын, сазгер, Қазақстанның халық жазушысы, «Парасат» орденінің иегері Исраил Сапарбайдың дүниеден өтуіне...

Премьер-министр Олжас Бектенов «Металлург күні» кәсіби мерекесіне орай тау-кен металлургия саласының еңбеккерлеріне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік...