Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы құрылысы қарқын алған Тұран шағын ауданында қалалық инфрақұрылымды дамыту міндетін іске асырып келеді. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтеновке биылғы жылдың алты айында атқарған жұмыстары туралы есебінде басқарма басшысы Б.Болатбеков мәлімдеді. Осы бағытта биыл шағын ауданда 13 көшеге асфальт төсеу, аяқжолдар салу жұмыстары басталған.
Инженерлік инфрақұрылым жүйелерімен қамту бойынша Қызылжар тұрғын алабын, бір мың төсек орындық клиника салынатын аумақты және «Жұлдыз» индустриалды аймағының инженерлік инфрақұрылымын салу жобалары қолға алынған. Оның ішінде Қызылжар тұрғын алабында ауыз су, газ, байланыс желілері тартылып, тұрғын алапта қалалық орта қалыптасады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған No-comment.kz.