Шымкент – қауіпсіз қала болуы керек

Шымкент – қауіпсіз қала болуы керек

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық Полиция департаментінің бастығын қабылдап, саладағы өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз орталығы.

Департамент бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетов мемлекеттік органның жарты жылдықта атқарған жұмысын баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Қаланың Бас полицейі есепті кезеңде бірқатар қылмыс түрлерінің саны төмендегенін айтты. Атап айтқанда, тонау, пәтер ұрлығы, кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар, қоғамдық орында жасалған қылмыстар саны біршама азайған. Қылмыстың ашылу деңгейі де жақсарған. Мәселен соңғы 3 жыл көлемінде ауыр және аса ауыр санаттағы кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр жарақат салу, зорлау секілді қылмыстар толығымен ашылған.

Қалалық әкімдіктің қолдауымен 109 автокөлік, 550 бейнетіркегіш, 1402 планшет және 400 дана компьютер, 550 бейнежетон және өзге де техникамен қамтамасыз етілген. Қосымша 3740 бейнебақылау камерасы берілмек.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Денсаулық сақтау министрінің төрағалығымен ведомство алқасының кезекті отырысы өтті, онда ағымдағы жылдың 9 айында саланың негізгі...