Тұран шағынауданында балалар ойын алаңшасының құрылысы басталады

Тұран шағынауданында балалар ойын алаңшасының құрылысы басталады

Шымкент қаласы әкімінің қала аумағында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Қаратау ауданы әкімі аппараты қызметкерлері «Тұран» шағынауданында балалар ойын алаңшасын орнату мақсатында тұрғындармен кездесу өткізді.

Кездесуге мердігер мекеме «Назар» ЖШС өкілдері де қатысып, шағынауданда құрылысы бастау алатын балалар ойын алаңшасының эскиздік жобасын таныстырды. Тұрғындармен нақтыланған жоба бекітілді.

Айта кетейік, аталған шағынауданда ойын алаңшаларды салу жұмыстары жоспарға сәйкес, кезең - кезеңімен жүзеге асырылатын болады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгінгі таңда елдің энергетикалық қажеттіліктері өсіп, экологиялық талаптар күшейіп келе жатқанда, атом электр станциялары тиімді және сенімді шешім болып...