Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы журналистер клубының 30 жылдық мерейтойына арналған отырысы өтті

Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы журналистер клубының 30 жылдық мерейтойына арналған отырысы өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясы журналистер клубының кеңейтілген отырысы өтті. Іс-шара Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына арналды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Отырыстың жұмысына клуб мүшелері, БАҚ өкілдері, «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі мамандары мен блогерлер қатысты.

Бағдарлама аясында этносаяси терминологияны қолдану, жаңа медианың этножурналистикаға ықпалы және антикризистік PR тақырыптары бойынша тренинг ұйымдастырылды.

Кездесу қорытындысында ҚХА журналистер клубы мен Бас редакторлар клубы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформа мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында заңгерлер мен сарапшылар шағын бизнес...

Түркістан облысының білім ұйымдарында «Келешек мектептерде» жобасы аясында “Адал Азамат” бағдарламасы бойынша әр дүйсенбі 10 минуттық қауіпсіздік...