Шымкентте 60 мың тонна ауыл шаруашылығы дақылдары жиналды

Шымкентте 60 мың тонна ауыл шаруашылығы дақылдары жиналды

Шымкент қаласында биылғы жылы 29,3 мың гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдары егілді. Бұл туралы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы мәлім етті.

Мамандардың айтуынша, дәнді дақыл 12,9 мың гектарға, майлы дақыл 3,8 мың га, мал азығы 8,9 мың га, көкөніс пен бақша 3 мың га, картоп 0,7 мың гектарға егілген екен.

Нәтижесінде 11,2 мың тонна дәнді дақыл, 0,8 мың тонна майлы дақыл, 33,2 мың тонна көкөніс, 3,1 мың тонна картоп, 12 мың тонна мал азықтық дақылдар яғни барлығы 60,3 мың тонна ауыл шаруашылығы дақылдары жиналды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгінгі таңда елдің энергетикалық қажеттіліктері өсіп, экологиялық талаптар күшейіп келе жатқанда, атом электр станциялары тиімді және сенімді шешім болып...