«Тәуелсіздікке – 20 жыл» тұрғын алабында 39 көшеге шағал тас төселді

«Тәуелсіздікке – 20 жыл» тұрғын алабында 39 көшеге шағал тас төселді

Шымкент қаласының «Тәуелсіздікке – 20 жыл» тұрғын алабында электр нысандарының құрылысы қолға алынған. Электр желілерінің жалпы ұзындығы – 23,7 шақырым.

Бас мердігер «Алтын Констракшн» ЖШС құрылыс-монтаж жұмыстарын 2021 жылдың 4-ші тоқсанында аяқтап, нысанды пайдалануға бермек.

Тұрғын алапта ауыз су жүйесі құбырының ұзындығы – 28,3 шақырым. Халықты сапалы ауыз сумен қамту бағытындағы құрылыс жұмыстары өткен жылы желтоқсанда аяқталған еді.

Бүгінде тұрғын алапта 39 көшеге қиыршық тас төселінді. Көшелердің жалпы ұзындығы 8,9 шақырымды құрайды. Шағал тас төсеу жұмыстары толығымен аяқталған, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан ғылымы мен жоғары білімінің даму тарихында айтулы оқиға орын алды. Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетіне Мемлекет басшысы...

2025 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылармен жалпы сомасы 354,5 млрд теңге...