Игілік тұрғын алабында электр желілерінің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады

Игілік тұрғын алабында электр желілерінің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады

Шымкент қаласының Абай ауданы Игілік тұрғын алабында ауыз су жүйелерінің құрылысы 2020 жылы аяқталған болатын. Ауыз су құбырының ұзындығы – 85,9 шақырым. Құрылысты «СМК и 7 –Ж» ЖШС атқарды.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов елдімекендегі инженерлік-инфрақұрылым нысандары бойынша атқарылған жұмыстарды пысықтады. Бүгінде құрылысы басталған электр желілерінің жалпы ұзындығы – 25,4 шақырым. Мердігер мекеме құрылысты биыл IV тоқсанда аяқтауды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, тұрғын алапта 13,4 шақырым 30 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары орындалды. Мердігер «Асфальт» ЖШС аталған жұмыстарды толығымен аяқтады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов сирек және жерде сирек кездесетін металдар саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес...

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в Казахстане  продолжается работа по системной модернизации топливно-энергетического комплекса....

Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде отын-энергетика кешенін жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Сенімді, өзін-өзі...