Қаратау ауданының әкімі комиссия жұмысын пысықтады

Қаратау ауданының әкімі комиссия жұмысын пысықтады

Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі А. Әліқұлов «Shymkentcity» шағынауданындағы көпқабатты үйлердегі кемшіліктерді анықтау және ретке келтіру жөнінде құрылған аудандық комиссия жұмысын талдау мақсатында құзырлы мекемелер, комиссия мүшелерімен бірге мәжіліс өткізді.

Жиында аудан басшысы «Shymkentcity» шағынауданындағы көпқабатты үйлердің сапасына бүгінде тұрғындар наразылығы туындап отырғанын жеткізіп, мердігер мекемелермен жедел жұмыстар жүргізуді құрылыс және тұрғын үй басқармасының жауапты өкілдеріне ұсынды.

Сондай-ақ, кездесуде үйлердің құрылыс жұмыстары кезінде орын алған кемшіліктер талқыланды. Нәтижесінде аталған кемшіліктерді ретке келтіруге 1 ай көлемінде уақыт берілетіндігі айтылып, кездесу қорытындыланды.

Еске салсақ, «Shymkentcity» шағынауданында бүгінде 37 көпқабатты үй орналасқан болса, комиссияның зерделеу жұмыстары 21 үйге жүргізілген. Шағынауданда жалпы саны 4000-ға жуық тұрғын бар, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қырғызстан, Бішкек қаласы Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы достық және одақтастық қатынастарды дамытуға қосқан...

Қырғызстан, Бішкек қаласы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев марапаттау рәсімінде Садыр Жапаровты қырғыз халқын алға бастап келе жатқан нағыз көшбасшы, білікті...

Қырғызстан, Бішкек қаласы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровтың төрағалығымен Қазақстан мен Қырғызстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің жетінші...