«ҚЫЗМЕТ» салалық кәсіподағының қызметкерлері Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлерімен және жұмыскерлерімен Еңбек қатынастары бойынша жүргізілген түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде басармадан 2021 жылғы 3 тамыз күні бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылды.
Ұжымда еңбек етіп жүрген 21 адамның барлығы немесе 100% кәсіподақ мүшелігіне өтіп, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еңбек ұжымы екенін көрсетті.
Жаңадан ашылған ұйымда еңбек жағдайын жақсарту, қызметкерлерді әлеуметтік және зейнеткерлік қамсыздандыру, еңбек демалысына шығу, еңбекке ақы төлеу, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының ұзақтығын айқындау, салауаттылықты, қауіпсіз еңбек пен тұрмыс жағдайларын жасау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі шараларды қаржыландыру, денсаулық сақтауды жақсарту, қоршаған ортаны қорғау, ұжым мүшелеріне әлеуметтік игіліктер жасау, ұйым жұмысының тұрақтылығын және тиімділігін қамтамасыз ету, басқа да құқықтық нормативтік актілерінің сақталуына қол жеткізу мақсатында мемлекеттік мекемеде әлеуметтік – еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық акті – ұжымдық шарт қабылданды.
Оған жұмыс беруші тарапынан Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Қалмұхамедұлы Тұманбаев және жұмыскерлердің атынан кәсіподақ комитетінің төрағасы Шоқан Шырынханұлы Әбдіқалықов қол қойып, оны Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасынан 2021 жылғы 4 тамыз күні тіркеуден өткізді.
Сондай-ақ, бастауыш кәсіподақ ұйымын «ҚЫЗМЕТ» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының құрамына қабылдау және еңбек қатынастары бойынша көмек көрсету мен жұмыскердің құқын қорғау жұмыстарын бірлесе жүргізу бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Шоқан Шырынханұлы Әбдіқалықов және филиал төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов өзара қарым-қатынастар жөніндегі келісім-шартқа қол қойды.
Филиал төрағасы басқарма басшысы мен кәсіподақ комитетінің төрағасын және ұжым мүшелерін құттықтап, кәсіподақ қозғалысын дамыту жұмыстарына белсенді қатысуға шақырды, деп хабарлайды no-comment.kz.