Мамай сот шешімін орындамаса, шетелге шығуы шектеліп, мүлкі бұғатталуы мүмкін – саясаттанушы

Мамай сот шешімін орындамаса, шетелге шығуы шектеліп, мүлкі бұғатталуы мүмкін – саясаттанушы

Саясаттанушы Мамайды дәлелсіз, құр айғайдан аулақ болуға шақырады.

 Біздің геосаяси орналасуымыздың өзі прагматикалық жолды ұстануға мәжбүрлейді. Елдегі оң өзгерістерді қабылдап, мойындай білу де өркениетті демократияның бір көрінісі. Алға жылжу бар. Әлі де реформалардың жалғасатыны анық. Бастысы аптықпай, асықпай таразының басын тең ұстаған өз бағытымыздан таймағанымыз керек. Бұл туралы саясаттанушы әрі блогер Бауыржан Серікбаев Facebook желісіндегі парақшасында жазады.

Оның мәлімдеуінше, демократияның бір белгісі заң мен сот билігінің төрелігі. Азаматтардың барлығы заңның алдында тең. Бұл принциптердің сақталуы да демократияның ажырамас бөлігі, дейді блогер.

 «Жақында елімізде Байбек-Мамай соты болды. Мамай сотта дәлелі жетпей жеңілді. Сот 800 мың теңге айыппұл төлеуге, кешірім сұрауға, дәлелсіз ақпараттарын алып тастауға міндеттеді. Төленген 800 мың теңге қайырымдылыққа кететіні де айтылды. Ендігі кезек Мамай заң, сот шешімін орындауы тиіс. Мемлекеттің заңы соны талап етеді. Бірақ сот шешімін іске асыруға келгенде жеңілген тараптың орындайтын кейпі байқалмайды. Үкім орындалса іс жабылып, қарапайым жолмен шешілетін мәселе әлі созылып келеді. Дәл осылай жалғаса берсе белгіленген мерзімнен кейін сот шешімімен Мамайдың шетелге шығуы да шектеліп, мүлкі бұғатталуы мүмкін. Ол кезде сот орындаушылары өз жұмыстарына кіріседі. Заңның аясында әрине. Мамай сот шешімін орындауға міндетті екенін түсінуі тиіс. Одан қашып құтылу да мүмкін емес. Заң бәріне бірдей. Бұл да демократияның бір көрінісі», - деп жазады сарапшы.

 Серікбаев біздің қоғамға елдік деңгейде демократия мен бей-берекет кеткен охлократияның ара-жігін ажыратып үйренген дұрыс. Дәлелсіз, құр айғаймен шапқылау, халықтың эмоциясында ойнау демократиядан көрі охлократияға жақын келеді деп бағалады ол.

 «Айғаймен, дәлелсіз айыптаумен ештеңе өнбейтіні де белгілі. Бұл өзі аз қазақты өзара араздастырып, елдің бірлігіне сына қағатын бағыт. Демократияға да еш қатысы жоқ, елдікке де пайдасыз дүние. Мұны біз алыс, жақын елдерде болып жатқан саяси процестерден көріп те отырмыз. Сондықтан саясатқа келемін, партия құрамын, ел басқарамын деген азаматтардың жала жауып, елді дүрліктіріп, халықтың эмоциясында ойнайтын арзан технологиядан кеткені дұрыс. Себебі оның заманы өтті», - деп қорытындылады сөзін Бауыржан Серікбаев.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Грузия үкіметаралық комиссиясының 12-ші отырысына...

Бүгінгі таңда елдің энергетикалық қажеттіліктері өсіп, экологиялық талаптар күшейіп келе жатқанда, атом электр станциялары тиімді және сенімді шешім болып...