Еңбекші ауданында биылғы жылы тұрғындардың ұсынысымен 56 көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылады. Қазіргі таңда абаттандыру жұмыстары 24 үйдің ауласын абаттандыру жұмыстары басталды. Қала тұрғындарына жайлы және қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру мақсатында жасалып жатқан жұмыстар Мемлекет басшысының «Халық қатысатын бюджет» жобасы негізінде жүзеге асырылуда.
Бүгінде абаттандыру жұмыстары Ш.Уалиханов көшесіндегі №№225, 225а, 227, 227а, №231Б, 233А үйде, Жібек жолы көшесі №56 үй, Сайрам көшесі №165 үй, Теріскей ш/а №14,15, 59 үйлер мен 16 ш/а № 1, 4, 11,13,21,22,37 үйлер және 17 ш\а №13, 18 ш\а № 4,5, 6,7, 41 үйлерде басталған.
Қалған 32 көпқабатты үйдің аулалары жыл соңына дейін абаттандырылатын болады.
Айта кетейік, халық қатысатын бюджет азаматтардың жергілікті бюджет қаражатының бір бөлігін бөлу мен жұмсауға қатысуына мүмкіндік беретін жоба. Яғни, бір азамат ұсынып, тұрғындардың көпшілігі қолдау білдірген жобалар жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Осылайша азаматтар өздері тұратын аумақтарды дамыту мен абаттандыруға қатысады. Жобаны жүзеге асыру үшін Шымкент қаласында арнайы іс-шара жоспары бекітіліп, ол төрт ауданның әкімдіктері арқылы орындалуда. Осы мақсатта арнайы www.open-shymkent.kz интернет ресурсы әзірленді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.