Көркем гимнастика – денсаулық пен сұлулық кепілі

Көркем гимнастика – денсаулық пен сұлулық кепілі

Шымкент қаласындағы Ә.Юсупова жетекшілік ететін көркем гимнастика спорт кешені 2015 жылы пайдалануға берілген. Бүгінде мұнда түрлі Халықаралық, республикалық жарыстар өтеді.

Қала әкімі аталған спорт кешеніне барып, тыныс-тіршілігімен танысты.

Кешенде асхана мен келушілер үшін заманауи жабдықталған 56 орындық қонақ үй де бар. Қазір мұнда 500 қыз жаттығады. Жаттықтырушылар құрамы 48 адамнан тұрады. 745 көрерменге шақталған орындық қойылған.

Шаһар басшысы үйірмелерді балаларға қолжетімді ету керектігін айтты. Бұқаралық спортты дамыту үшін тойханалардың орнына спорт нысандарын көптеп салу өте маңызды деді. Көркем гимнастика қыздарға арналған спорт түрі болғанымен, Олимпиада ойындарына енгенін айтқан әкім еліміздің атын шығаратын спортшыларды дайындау үшін оларға алдымен жағдай жасау қажеттігін жеткізді. Осы тұрғыда сала басшысына жаңа жобалар ұсынуды тапсырды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қостанайға жұмыс сапары барысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Е.Нағаспаев өңірдегі бірқатар өндірістік нысандарды аралады. ​Министр Индустриалды аймақтағы Kia...

Креативті индустрияларды дамыту – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі, бұл сала Мемлекет басшысының тікелей бақылауында. «Креативті индустрия...