Тұранда жол құрылысы қарқынды

Тұранда жол құрылысы қарқынды

Шымкент қаласы, Қаратау ауданы әкімі аппараты қызметкерлері «Тұран» шағынауданындағы «Әдия» тұрғын үй кешенінде салынып жатқан жол құрылысымен танысты.

Құрылыс жұмыстарымен танысу барысында мердігер мекемеге тұрғындар сұранысына сәйкес аталған аумаққа қоқыс алаңшаларын орнату, ирригациялық арықтар салу бойынша келіссөз жүргізілді.

Мердігер мекеме құрылыс жұмыстарының мүмкіндігіне қарай, жоғарыда аталған қоқыс алаңшаларын орнату, ирригациялық арықтар салынатынын мәлімдеді.

Бүгінгі таңда, «Тұран» шағынауданындағы «Әдия» тұрғын үй кешенінде -2 мыңға жуық тұрғын бар. Шағынауданның жолдар құрылысын-«Әлем Строй» ЖШС мекеме жүргізуде, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қостанайға жұмыс сапары барысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Е.Нағаспаев өңірдегі бірқатар өндірістік нысандарды аралады. ​Министр Индустриалды аймақтағы Kia...

Креативті индустрияларды дамыту – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі, бұл сала Мемлекет басшысының тікелей бақылауында. «Креативті индустрия...