Қазақстанда әрбір бесінші жасөспірім кибербуллинг құрбаны – сарапшылар

Қазақстанда әрбір бесінші жасөспірім кибербуллинг құрбаны – сарапшылар

Осы аптада әлеуметтік желілерді Қазақстанда тіркеп, өкілдіктерін ашу мәселесі қоғам тарапынан қызу талқыланып жатыр. Халық елімізде тіркелмесе желілердің жұмысына шектеу қойылады дегенге қарсы. Қазақстандық саясаттанушылар мәжілісмендер ұсынған бұл мәселеге қатысты өз ойларын білдірді.

Саясаттанушы Расул Жұмалының пікірінше, ғаламторды, әсіресе әлеуметтік желілерді жаулап кеткен фейк, алауыздық, қылмысқа айдап салу сияқты келеңсіздіктерге көз жұмуға болмайды.

«Демократия - аузыңа не келсе соны көпіру емес, айналадағы әлеуметпен санасып оған нұқсан келтірмеуді білдіреді. «Интернет тазалығын» сақтауды сылтау етіп балама пікірді тұншықтыру тәжірибесі Қазақстанның өткен тарихында, бүгінгі Ресейде тағы бар. Менің өз ойымша қандай да салада айқын да әділ ойын ережелері керек-ақ. Онсыз шындықтың орнына түбі айқайшылдық, тәртіп пен мәдениеттің орнына жала жабу мен әлімжеттік салтанат құрады», - деді Жұмалы.

Бұған қоса, ол тиісті жұмыс оң нәтиже беру үшін жекелеген шенді емес қоғамның өзі нақты критерий бойынша бақылап қате шешім қабылдауы тиіс.

Ол үшін қоғам белсенділері, журналистік орта, басқа да мүдделі азаматтар мен тараптар қызбалыққа салынбай мәселені бүге-шегесіне дейін зерттеп барып оңтайлы нұсқаның қабылдануына үлес қосқан жөн деген пікірде.

Қазақстандық саясаттанушы Елдос Жұмағұловтың айтуынша,  бүгінде әлеуметтік желілердің негізгі тіркелген жерлері шетелде болғандықтан, онда жарияланатын жалған және заңсыз ақпаратпен күресу қиындады.

            «Мемлекеттік органдар әлеуметтік желілерді үнемі мониторинг жасап отыруға мәжбүр. Себебі, үлттық мүддеге, соның ішінде қоғамдық тұрақтылық пен тыныштықты бұзуға итермелейтін ақпараттты бейберекет жіберуге ешбір мемлекет құлықты емес. Осындай себептерге байланысты, мәжіліс 15 қыркүйекте бірінші оқылымда шетелдік әлеуметтік желілерді және мессенджерлерді ресми тіркелу ғана емес, біздің елімізде өз өкілдіктерін ашуға міндеттейтін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Заңнамалық тәжірибеде алғаш рет біз буллинг және кибербуллингті анықтайтын боламыз», - дейді Елдос Жұмағұлов.  

Оның ойынша, әлемдік қауымдастықта интернет кеңістікті, соның ішінде әлеуметтік желілірерді заңнамалық реттейтін уақыт жетті.

«Мысалы, бұл шаралар Германияда 2015 жылы, Францияда 2018 жылы, Ресей, Сингапур мен Өзбекстанда 2019 жылы енгізіліп, жұмыс істеуде. Сонымен қатар, Еуропалық Одақтың, Оңтүстік және Солтүстік Американың кейбір елдері әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің қызметін заңнамалық реттеуді қарастыруда.Осылайша, тиісті заңдарға ұсынылып отырған түзетулер пакеті, олар арқылы балаларға, жасөспірімдерге және басқа адамдарға кибербуллинг жасалатын әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің қызметін реттеу жоспарланады, халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді», - деп қосты ол.

Сонымен бірге енгізілетін түзетулердің басты артықшылығы заңды тұлғаны немесе өкілдікті белгілі бір мемлекеттің аумағында жергілікті тіркеу пайдаланушыларға шағым беру рәсімін, жағымсыз контентті жою жеделдігін жеңілдетуге, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мемлекет арасындағы пайдаланушылар үшін пайдалы қарым-қатынас құруға мүмкіндік беретін болады.

Сапаршы Меруерт Түлебаеваның айтуынша, жақында таланты жазушыз Ая Мантайдың қайғылы қазасы мемлекетімізде тез арада заңңамалық тұрғыдан реттеуді қажет ететін тағы бір өзекті мәселені айқындап берген.  

«Қазіргі кезде, Қазақстанда қарапайым ғаламтор пайдаланушылары, жасөспірімдер, тіпті саясаткерлер мен өзге де БАҚ өкілдері киббербулинг шабуылынан қауіпсіздігі қорғалмаған. Бұл жағдайды тек, қатаң заңды шаралармен ғана реттеуге болады. Құзырлы органдардың дерегі бойынша, еліміздегі әрбір бесінші жасөспірім осы ғаламтордағы киббербулинг шабуылының шырмауына түсіп, өз-өзіне қол жұмсап, құрбан болуда. Әлемдік қауымдастық киберқауіпсіздікке қарсы әрекет ету шеңберінде интернет кеңістігін, оның ішінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді заңнамалық тұрғыда реттеуге тырысуда», - деді сарапшы.

Бүгінде Франция мен Германияда Facebook, Twitter және басқа да әлеуметтік медиаплатформа қолданушылардан түскен шағымдарды 24 сағат ішінде қарауға, дұшпандық пен жеккөрушілік риторикасы бар, әйелдер мен балаларды қорлауға жол берілген контентті жоюға немесе бұғаттауға міндетті. Орындамаған жағдайда иелеріне өте қатал 50 миллион еуроға дейін айыппұл салынады.

«Біздің мемлекетте әлеуметтік желілерде өз азаматтарын Германия үкіметінен кем емес негізде қорғауға құқылы деген мақсатпен Мәжіліс депутаты Айдос Сарым бастамасымен кеше ғана «Шетелдік әлеуметтік желілерді және мессенджерлерді ресми тіркеу ғана емес, біздің елімізде өз өкілдіктерін ашуға міндеттейтін» Заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдануы өте құптарлық іс. Заң жобасында балаларға қатысты: білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау сияқты түрлі аспектілерді қамтитын заңдар мен кодекстерге көптеген жаңа түзетулермен қатар әлеуметтік желілердің қызметін реттеуді жоспарланып отыр. Енгізілген түзетулерге сәйкес, Қазақстанда контентті таратуды алып тастау немесе шектеу үшін 24 сағаттық уақыт аралығы белгіленеді. Көріп отырғанымыздай, түзетулер бұрын Еуропа елдері енгізген өзгерістерге ұқсас», - деп қосты ол.

Сарапшы бұл шаралар азаматтарға, әсіресе балалар мен жасөспірімдерге әлеуметтік желілерде немесе мессенджерлерде қорқыту фактілері туралы филиалға немесе уәкілетті органға тез арада шағым беруге мүмкіндік береді, контентті тез арада жою суицид фактілерін ішінара азайтады.

«Себебі әлеуметтік желілерде кибербуллинг заң жүзінде жазаның жоқтығына байланысты әсіресе жасөспірімдер арасында көбейіп келеді. Әлеуметттік желі әкімшілері кибербуллинг құрбандарының шағымдарына әрдайым жауап бермейді. Олар мұны арнайы жасайды. Әлеуметтік желілер - пайдаланушылар туралы ақпарат жинау үшін ыңғайлы механизм екені жасырын емес», - деді М.Түлебаева.

Айта кетейік, 2020 жылы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзудың 70 мыңнан астам фактісін, ал 2021 жылдың бірінші жартысында 140 мыңнан астам бұзушылық фактісі анықтады.

«Әлемнің дамыған мемлекеттерінде ақпараттық шабуылдардан қорғану мәселесі заңнамалық тұрғыдан реттелуде. Менің ойымша, біздің балаларымызды киббербулингтен қорғау үшін бүгін қоғамда қатты қызу талқыға түсіп жатқан «Әлеуметтік желілерді тіркеу мен Қазақстанда өкілдіктерін ашу келіспесе оларды шектеу» туралы заң жобасы өте орынды деп есептейміз. Қарсы жақ мұны адам құқығын шектеу деп дабыл қағуда, сонда демократия деп ғаламторды, әсіресе әлеуметтік желілерді жаулап кеткен фейк, алауыздық, қылмысқа дейін интермелейтін жағдайларға жол беру біздің балаларымыздың өмірінен қымбат болғаны ма?», -деп қорытты сөзін сарапшы.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Денсаулық сақтау министрінің төрағалығымен ведомство алқасының кезекті отырысы өтті, онда ағымдағы жылдың 9 айында саланың негізгі...