Жапонияның жаңа премьер-министрі сайланды

Жапонияның жаңа премьер-министрі сайланды

Жапония парламентінің екі палатасында дауыс беру аяқталып, оның нәтижесі бойынша билеуші либералды-демократиялық партияның басшысы, бұрынғы Сыртқы істер министрі Фумио Кисида Жапонияның 100-ші премьер-министрі болды, деп хабарлайды BBC.

Дауыс беру тікелей эфирде өтті.

Төменгі палатадағы процедураның нәтижелері бойынша Кисида ұсынылған 458 бюллетеннің 311-і қолдау алды. Содан кейін жоғарғы палатада өткен дауыс беруде оған берілген 241 бюллетеньнің 141-інде дауыс берілді.

Жаңа премьер-министрдің басшылығымен министрлер кабинетінің жаңа мүшелері бүгін жариялануы тиіс.

«Бұл шынында жаңа бастама болмақ. Мен қиындықтарды жеңіп, болашаққа сеніммен қарағым келеді», - деді Фумио Кисида. Сонымен қатар ол парламенттің төменгі палатасын өкілеттілік мерзмінің аяқталуына байланысты тарататынын мәлім етті.

Ол ұзақ уақыт бойы премьер-министр лауазымына ұмтылып келген, соңғы рет Ёсихидэ Сугеден жеңіліп қалды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

  Қазақстанда шетелдік инвестицияларды тарту үшін жағдайды жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Осы бағыттағы кезекті қадам – инвесторлық виза, яғни...

Қазақстан өзінің минералдық-шикізаттық базасын белсенді дамытып, жоғары технологиялық өнімдерді өңдеу мен өндіруге инвестициялау үшін қолайлы жағдай жасай...

AIS OIP мобильді қосымшасы азаматтарға атқарушылық өндіріс саласындағы ақпарат пен қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Қолданбаны Google...

9 мая 2025 года в Парке Победы состоялась театрализованная концертная программа, посвящённая 80-летию Великой Победы в Великой Отечественной...