"Сауатсыз Жанболат Мамай халықты надан көреді" - блогер

"Сауатсыз Жанболат Мамай халықты надан көреді" - блогер

Блогер Тоқтар Жақаш белсенді Жанболат Мамайды ақпарат кеңістігінде әлдекімдердің тапсырысымен қалтасын қампитып жүрген «заманауи қарақшы» деді. Бұл жөнінде блогер фейсбук парақшасында пост жариялаған https://www.facebook.com/100002139850991/posts/4456919027722715/.

«Мәселе былай ғой. Мамай жағдайы төмен ипотекалық қарыз алушыларға арналған қайта қаржыландыру бағдарламасын жерден жеті қоян тапқандай “кредиттік амнистия” жарияланды деп өзінің жалаң ұранға арналған парақшаларында,уатсап желісінде “сүйініші” сұрапты. Бұл, қай сасқаны?!

Қаржы нарығын реттеу агенттігінің ресми ақпараты кез-келген есті адамға түсінікті. Әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға қарызын қайта қаржыландыру үшін жеңілдіктер берілген. Қарызды кешіру туралы әңгіме жоқ», - деген екен блогер өз жазбасында.

Ол Мамайды алаяқ қана емес, ХАЙПЕР АЛАЯҚ деп атады.

Фейсбуктегі жазбада «Жанболат Мамай алаяқ қана емес, ХАЙПЕР АЛАЯҚ. Бұл әу бастан-ақ белгілі болатын. Жел қайда соқса, қаңбақ құсап домалап сонда барады. Сөйтіп өзім осында бұрыннан жүрмін, осы тақырыпты мен көтердім, мен қырып-жойып жатырмын деп әркімнің аяғына бір оратылып шыр көбелек домалайды», - делінген.

Ал, осы жолғы әрекеті Жанболаттың сауатсыз екендігін де көрсеткендей дейді.

Блогер оның бұл әрекетіне «Осы жолы Мамай тағы да өзінің сауатсыздығын көрсетті. Ресми хабарламаны дұрыс түсіне алмаса, өзгеге не түсіндірмек? Халықты өзі сияқты надан, сауатсыз көргені ме?! Бірақ, пенде өзі қандай болса, өзгені де солай көреді деген бар. Ол бұрмалаған ақпарат өсек-аяң ғана», - деп баға берген.

Ол Жанболат туралы жазбасын «Жалпы, ХАЙПтың АЙЫП жағы да болады. Қазір, түлкінің айласына көшіп хайп қуғандарға қазақтың көкжалдай нар жігіттерінің азуы қайраулы екенін білген абзал. Әйтпесе, ақшаның соңынан қуып ақылымнан алжастым, хайпер едім, айыпкер болдым деп кешірім сұрап отырмасына кім кепіл.

Ендеше, ақпарат кеңістігінде әлдекімдердің тапсырысымен қалтасын қампитып жүрген “заманауи қарақшы” ісіне халық сарапшы екенін ұмытпа!», - деп қорытындылаған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

  Қазақстанда шетелдік инвестицияларды тарту үшін жағдайды жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Осы бағыттағы кезекті қадам – инвесторлық виза, яғни...

Қазақстан өзінің минералдық-шикізаттық базасын белсенді дамытып, жоғары технологиялық өнімдерді өңдеу мен өндіруге инвестициялау үшін қолайлы жағдай жасай...

AIS OIP мобильді қосымшасы азаматтарға атқарушылық өндіріс саласындағы ақпарат пен қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Қолданбаны Google...

9 мая 2025 года в Парке Победы состоялась театрализованная концертная программа, посвящённая 80-летию Великой Победы в Великой Отечественной...