Меркель енді саясатпен айналыспайтынын айтты

Меркель енді саясатпен айналыспайтынын айтты

Ангела Меркель қызметінен кеткеннен кейін саясатпен айналысуға ниеті жоқ екенін айтты.

Әйгілі саясаткер канцлер қызметінен кеткеннен кейінгі жоспары - ұйқы мен оқу екенін жеткізді.

«Мен бұдан былай саясатқа араласпаймын. Саяси қақтығыстарды жоюға қатыспаймын. Мұнымен көп жыл бойы айналысып келемін, 16 жыл канцлер лауызымындамын», - деді Ангела Меркель.

Сондай-ақ, саясаткер бір-екі айдан кейін басқа жоспарлары болатынын, соны жүзеге асыратынын айтты.

«Мен көп жыл бойы алдыма қойылған күн тәртібімен жүрдім және әрқашан дайын болуым керек еді, егер бірдеңе болса, үкімет басшысы ретінде істеу керек жұмыстар бар. Оған дереу әрекет ету керек. Қазір өз қалауым бойынша не істейтінімді анықтағым келеді. Бірақ бұл бірнеше айдан кейін белгілі болады», - деп Меркель өз ойымен бөлісті.

Айта кетейік, 27 қазанда Меркель ресми түрде Германия канцлері қызметін тоқтатты. Бұдан былай Меркель мен ГФР үкіметінің қалған мүшелері өз функциясын Германияда жаңа үкімет құрылғанға дейін атқарады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шымкент қаласында отбасы күніне орай Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі...

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Хусейн Озхан бастаған Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ)...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында айтылған бастамалардың ішінде бір палаталы Парламент құру мәселесі ерекше назар аудартады. Бұл –...

– Мемлекет басшысы бүгінгі халыққа арнаған Жолдауында бірқатар қоғамдық үдерістерге тоқталып өтті. Әрбір азамат мемлекетшіл, отаншыл болуы керек...