Тәшенованың Мамайға кеңесі: «Сот талаптары орындалса, онда барлық шектеулер дереу алынып тасталады»

Тәшенованың Мамайға кеңесі: «Сот талаптары орындалса, онда барлық шектеулер дереу алынып тасталады»

Мұндай мәлімдемені белгілі заңгер Айжан Тәшенова өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жариялады.

«Құрметті достар!

Кеше Алматының №2 Әуезов аудандық соты жеке сот орындаушысының Б.Байбектің ар-намысын, қадір-қасиетін және беделін қорғау жөніндегі сот шешімінің жалған материалдарды жою және тиісті теріске шығаруды жариялау бөлігінде толық орындалмауы туралы өтінішін қанағаттандырды.

Сот Мамай мен Иманбаеваға лицензиялар, рұқсаттар, арнайы құқықтар беруге тыйым салу, сондай-ақ Мамайдың жүргізуші куәлігінің қолданылуын уақытша тоқтата тұру туралы шешім шығарды. Алайда, Иманбаева үшін бұл тармақ 2017 жылы оның жүргізуші куәлігінің қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты өзекті емес.

Естеріңізге сала кетейін, бұл шаралар сот орындаушысы тарапынан іске асырылуда. Олар заңнамада «құқық үстемдігі» қағидатын қамтамасыз ету мақсатында нақты жазылған. Заң барлығына бірдей!

Енді сот процесі туралы. Сот отырысы кезінде Иманбаева қандай да бір заңгерлердің пікіріне сілтеме жасай отырып, рұқсат беру құжаттарын шектеу бойынша қабылданатын шаралардың заңсыздығы туралы мағынасыз риториканы жалғастырғанын атап өтемін. Мен бұған дейін осы мәселе бойынша тиісті ресми түсініктемелер берген болсам да, сөз ұқпайтындарға тағы бір рет түсіндіріп өтейін. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңда нақты негіздемелер қарастырылған. Соның бірі – мүліктік емес сипаттағы талаптарды орындамау болып табылады. Оған 2 инстанциядағы соттар қабылдаған шешімдер бойынша жалған видеоларды жою және теріске шығару да жатады.

Алдағы уақытта борышкерлерге процестің барлық қатысушыларының уақытын үнемдеуді және олар үшін толықтай тегін берілетін сапалы кеңес алу үшін дереу маған хабарласуды ұсынамын.

Жауапкерлер мен олардың өкілі әрекетінің қисынсыздығы тағы да таң қалдыруда. Сот орындаушысы дұрыс атап өткендей, Мамай мен Иманбаева сот шығарған шешімнің әділдігі мен заңдылығын мойындай отырып, сот шығындарын толық өтеген. Ал енді олардың шешімнің басқа бөлігін орындамау әрекеттері кем дегенде қисынсыз әрі еш нәтижесіз.

Мамай мен оның заңгері Е.Қалиевтің іс-әрекеттерінің қисынсыздығының тағы бір мысалы – сот шешімінің орындалуын кейінге қалдыруға тырысуы.

Кешегі отырыста Қалиев жала жапқан видеоны жоюды және оны жария түрде теріске шығаруды кейінге қалдыру туралы аудандық сотқа өтініш бергеніне байланысты өндірісті тоқтата тұру қажеттілігі туралы айтты. Бұл да оның сот шешімінің әділдігі мен заңдылығын толық мойындағанын растайды!

«Заңгер» Қалиевтің сот процесіне қайтадан еш дайындықсыз қатысқанын айтудың өзі ыңғайсыз. Неліктен оған сенім білдірушілердің жүргізуші құқығын тоқтата тұруға болмайтыны туралы қорғаушы тараптың позициясын қарапайым түрде айтып жеткізу керек болатын.

Өздерінің сәтсіз жеңілістерін жасыруға тырысқан Мамай мен Қалиев тағы да сот отырысынан көрініс ұйымдастыруға тырысты. Қайтадан бос әурешілікке салынып, жалған «дәлелдеріне» жүгінді.

Нәтижесінде, Мамайға енді жаяу жүруге тура келеді.
Менің Мамай мен Иманбаеваға берер кеңесім – бұдан былай да шектеу шараларына ұшырамау үшін тек сот шешімін толығымен орындау қажет!

Жауапкерлерге салынған жаңа санкциялар олардың есін жидырып, олар ақырында дұрыс шешім қабылдап, жалған материалдарды жойып, өздерінің ютуб-арналарында теріске шығаруды жариялайды деп үміттенемін.

Егер осы талап орындалса, онда барлық шектеулер дереу алынып тасталады. Бұлай болмаған жағдайда, біз олардың басты «шоуының» - Алматы көшелерін сыпыруларының куәсі боламыз» деп жазды А. Тәшенова.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Денсаулық сақтау министрінің төрағалығымен ведомство алқасының кезекті отырысы өтті, онда ағымдағы жылдың 9 айында саланың негізгі...