Блогер Мамай туралы: «Театрлық қойылымнан басқа ештеңе емес»

Блогер Мамай туралы: «Театрлық қойылымнан басқа ештеңе емес»

Бүгін елдің назарын өзіне аударып, басы даудан арылмай келе жатқан, тіркелмеген «Демократиялық партия» жетекшісі Жанболат Мамай баспасөз мәслихатын өткізді. Баспасөз мәслихаты өткенімен журналистердің сұрақтары назарға алынбаған. Сонымен қатар, Мамай «тікелей эфирдегі» баспасөз мәслихатын «театрлық қойылымға» айналдырды дейді журналист Тоқтар Жақаш. Ол бұл туралы өзінің Facebook парақшасында жариялады.

«Бүгінгі баспасөз мәслихаты «Біріккен ұлттар ұйымына Байбек ісі бойынша шағым, Демпартия белсенділерін ұрып-соққан полицейлер ісі» деген актерлік қойылым бойынша өтті. Алайда, мұнысы театрлық қойылымнан, дайын сценарийден басқа ештеңе емес. Әрине, халықтың атынан сөйлеп, біршама тыңдаушыға мылжыңнан басқаны білмейтін Мамай – патриот, ұлтжанды, белсенді болып көрінуі де мүмкін. Бірақ, әр сөзін салмақтап, болып жатқан көрініске зер салған адамға бәрі айна-қатесіз ап-айқын. Жалпы, пресс-конференциясы пресс-конференция болмады. Нақты қойылған сұрақтарға жауап бермеуге тырысты», - деп атап өтеді журналист Тоқтар Жақаш.

Оның пайымдауынша, пресс-конференция журналист мамандардың қатысуымен, сұрақ-жауаппен өтуі керек еді. Онлайн қосылғысы келген журналисттерді қабылданбай, журналистерден сұрақтар қойылмағанын алға тартады журналист.

Жанболат Мамай, Инга Иманбай және олардың адвокаты Ерлан Қалиевтің ішкі монологы түрінде өткен баспасөз мәслихаты диалог, дискуссияға айналмады. Сонымен қатар, БАҚ өкілі Мамайдың билікпен ымыралас шын бейнесін танитындар көбейе түскенін атап өтеді.

«Әр қазақтың полицей танысы, досы, ағасы немесе әкесі бары рас қой. Кәдімгі, ел қатарлы, қарапайым азаматтар. Тіпті, жұмыс режимі деген де жоқ оларда. Біресе ұрысы, біресе дүмше молдасы мен әсіре діншілі, одан қала берді осы Мамай секілді «саясаткерсымақтар» халықтың тыныштығын, мазасын алғаннан кейін күн демей түн демей сапқа тұратын азаматтар ғой», - деп жазады Жақаш.

Осылайша, БАҚ өкілі жұмыссыз жатып еріккен Жанболат жан-жағына жала жауып сот алдында жауапты боламын деп ойламағанын айтады.

«Жақсылап іс-қимылын дүрбімен бақыласаңыз осы уақытқа дейін сотта ләм-мим деп ауыз ашып өзін ақтай алмаған. Өзі де айтты ғой жеңілгенін мойындап айыппұлдан-айыппұл ғана төлеуге мәжбүр болған. Еріксіз сұрақ туындайды: ол ақшаның бәрін қайдан және кімнен алып жатыр? Жұмыссыз адам қаншама жыл қалай күн көреді?», - деп қорытындылайды жазбасын журналист.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Денсаулық сақтау министрінің төрағалығымен ведомство алқасының кезекті отырысы өтті, онда ағымдағы жылдың 9 айында саланың негізгі...