Шымкентте оқушылардың 77 пайызы қосымша біліммен қамтылған

Шымкентте оқушылардың 77 пайызы қосымша біліммен қамтылған

Шымкент қаласында оқушылардың 77 пайызы қосымша біліммен қамтылған, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілетеме жасаған no-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Бүгінде Шаһар аумағында мемлекет бас­шысының тапсырмасына сәй­кес балаларды қосымша білім­мен барынша қамту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Шымкент қаласында 11 қосымша білім беру ұйымы, 17 аула клубы және мектепішілік түрлі үйірмелерде қаладағы 242 525 оқушының 77% (186 986 оқушы) қосымша біліммен қамтылған. Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтеновке білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Р.Әліш есеп берді.

Жан басына қаржыландыру есебінен 26 000 бала қамтылуда. Оның ішінде 14 мың бала спорттық, 12 бала мәдени үйірмелерге барады. Балалардың қосымша біліммен қамтылуын арттыру мақсатында 2 қосымша білім беру ұйымының құрылысы жүргізілуде. Атап айтсақ, 1 өнер мектебі, 1 оқушылар сарайы. Осы жылы 150 орындық өнер мектебінің, келесі жылы 500 орындық оқушылар сарайы пайдалануға беріледі.

Мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту үшін толық жағдай жасалған. 1-4 сынып оқушылары 100% ыстық тамақпен қамтылған. 54 мектеп ыстық тамақ қаржысын төлеу барысында қолма-қол ақшасыз карточкалық жүйеге өткізілді.

Сонымен бірге, аз қамтылған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 7 200 балаға жазғы демалыс лагерге және 62 800 балаға бір реттік көмекке қаржы қаралды.

Қосымша білім беруді дамы­туға ерекше назар аудару қажет. Балалардың спорт­тық, шығармашылық және зияткерлік әлеуетін іске асыруы маңызды. Қосымша білімсіз балалардың әлеуетін толық ашу мүмкін емес. Сондықтан әр баланың сабақтан тыс үйірмелер мен секцияларға қатысу мүмкіндігі болуы маңызды.

Қосымша білімсіз балалардың әлеуетін толық ашу мүмкін емес екенін айтқан қала әкімі Мұрат Әйтенов әр бала қосымша біліммен қамтылуы тиіс екенін атап өтіп,  нәтижеге қол жеткізу үшін нақты тапсырмалар жүктеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша Павлодар облысы барлық негізгі макрокөрсеткіш бойынша оң динамиканы көрсетуде. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,8...

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру шеңберінде білім беру, денсаулық сақтау, салықтық және кедендік...