Ағымдағы жылы 13 000 қала тұрғыны цифрлық сауаттылығын арттырады

Ағымдағы жылы 13 000 қала тұрғыны цифрлық сауаттылығын арттырады

Ағымдағы жылы 13 000 қала тұрғыны цифрлық сауаттылығын арттырады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2021 жылдың қорытындысымен 24 779 Шымкент қаласының тұрғындары цифрлық сауаттылығын арттырды.

Осы жұмыс ағымдағы жылы да жалғасын тауып келеді. Яғни, бекітілген көрсеткіштерге сәйкес, 2022 жылы 13 000 астам Шымкент қаласының тұрғындары оқудан өтетін болады. Бүгінде, 13 000 адамның 1800-ге жуығы оқыту курстарынан сәтті өттті. Оқу курстары қазіргі таңда Шымкент қалалық қызметтер мен сервистердің орталықтандырылған порталында «i-shymkent.kz» қол жетімді.

Оқу келесі бағыттардан тұрады:

  1. «Базалық дағдылар» (Дербес компьютермен, ноутбук, мобильді құрылғылар, интернетпен сенімді пайдалану, «MS Office» нұсқаулығы , «Windows 10» - де тапсырмалар тақтасын пайдалану);
  2. «Е-коммерция» (Веб-сайт түрлері және олардың артықшылығы, веб-сайтты жылжыту (SEO), Instagram мақсатты баптау негіздері, SMM-жылжыту);
  3. «Ашық үкімет» порталы (Ашық бюджеттер, ашық деректер, ашық диалог, ашық НҚА);
  4. «Ақпараттық қауіпсіздік негіздері» (Киберқауіпсіздік, алаяқтық схемалардың түрлері, дербес деректерді қорғау);
  5. «Электронды үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер» вэб-порталдары (Egov.kz, Мобильді азаматтар базасында тіркелу жөніндегі нұсқаулық, Электрондық қызметтерді алу).

Басты мақсат: Қаламыздың тұрғындарын цифрлық сауаттылығын арттыру, цифрлық заманда электрондық қызметтерді үйден шықпай-ақ, өз бетінше алуға дағдылану және аялықтықтан сақ болу. Қала тұрғындарын «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында сауатын арттыруға шақырамыз, деп хабарлайды no-comment.kz ақпараттық агенттігі.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша Павлодар облысы барлық негізгі макрокөрсеткіш бойынша оң динамиканы көрсетуде. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,8...

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру шеңберінде білім беру, денсаулық сақтау, салықтық және кедендік...