Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы мемлекеттің ішкі саясатын, оның ішінде мемлекеттік ақпарат және жастар саясатын іске асыруда, елдегі ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуде 5 бағыт бойынша жұмыс атқаруда.
Нақтырақ айтар болсақ, қоғамдық саяси ахуал мен ҮЕҰ азаматтық қоғамдық институттармен байланыс орнатуда, этносаралық қатынастар мен ақпарттық саясатты жүргізуде және жастар мен отбасы салалары бойынша жүйелі жұмыс ұйымдастырып келеді. Аталмыш жұмыстарды жүзеге асыруда жаңашыл идеялар негізінде көшбасшы дайындау да назардан тыс қалған емес.
Шымкентте басқарманың басшылығының ұйытқа болуымен бірнеше жобалар жүзеге асуда. Соның бірі «Қоғамдық бақылау кеңесі» жобасын айтуға болады. Жобаның басты мақсаты - аудан аумағындағы өзекті мәселелерді тұрғындар арасында талқылап, іске асыру мақсатында тиісті мекемелерге жолдау. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде қала тұрғындарын толғандыратын мәселелерді де айқындау үшін Ақпараттық-коммуникациялық орталығының қызметкерлерімен арнайы жұмыс тобы жасақталды. Топ қызметкерлері желілерге белсенді тұрғындар көтерген жәйттерді уақытында қолға алынуына ықпал етеді. Яғни, қоғаммен кері байланыс орнатылып отыр.
Сондай-ақ, қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірлік саласында да түрлі жобалар дайындалды. Атап айтсақ, этнос өкілдерімен 5 бағытта жасалынған «Мың жүйрік», «Қазақтану», «Ұлт үні», «Достық кубогі», «Қазақ тілін -ұлтаралық қатынас тілі» жобалары жүйелі түрде іске асырылуда. Осы бағытта жастарды жалпы қоғамдық үрдістерге тарту мақсатында ынталандыру шаралары да ұйымдастырылып, басқарма тарапынан түрлі деңгейде қолдаулар көрсетіліп келеді.
Сонымен бірге, мемлекет тарапынан жасалынып жатқан жобалар мен мүмкіндіктерді жастарға толыққанды жеткізу тетіктері де қарастырылған. Бүгінде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу, қаланың тыныс-тіршілігі туралы ақпараттар жариялау, баспасөз брифингтерін өткізу, баспасөз-турын ұйымдастыру және мотивациялық түсіндірме бенероликтер, үгіт-насихат билбордтары, ақпараттық үндеулер және т.б шаралар іске асырылуда.
Шымкентте қала тұрғындарының 239 986-сы жастар, яғни 21,6%-ті құрайды. Ал кәсіби жақсы білім, тұрақты жұмыс, қолжетімді баспана, салауатты өмір салтын жүргізуге арналған мүмкіндіктердің болуы жастар мәселесін шешудегі қадамдардың бірі. Сол себепті де осы бағытта түрлі шаралар ұйымдастырылып жүр. Атап айтсақ, «Бос орындар жәрмеңкесін» өткізу арқылы жұмыссыз жастарды жұмысқа тарту, түрлі жағдайларға байланысты жастар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу, кейде психологиялық көмек көрсету,қайырымдылық шараларына тарту және спорттық жарыстарға да белсенді қатысуға үгіттеу жұмыстары өз нәтижесін беруде. Нақтырағы, осы бағыт бойынша 250-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, оған 92 мыңға жуық жас қамтылды. Сонымен қатар, жастарды қолдаудың неғұрлым танымал құралы ретінде «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында бірнеше жас жұмыс тапты. Қалаға қатысты 4 ауданда ресурстық жастар орталықтары ашылды.
«Адами капитал» жобасының да маңызы зор. Жоба аясында Үкіметтік емес ұйымдардың іс-шараларын көбейту, Азаматтық қоғам институттарының белсенділігін арттыру жұмыстары қарастырылған. Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірлікті қамтамасыз ету іс-шаралары басқармамен біте қайнасқан жұмыстар.
Қазіргі жастар креативті, жан-жақты, өзіндік пікір білдіре алады. Сондықтан, аталмыш басқарма оларға үнемі қолдау білдіріп келеді.
Бүгінде Жастар саясатын жүзеге асыруда 10 бағыт бойынша іс-шараға 360 мыңнан астам жасты қамту көзделуде. Оның ішінде дарынды жастарды қолдау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру,жастар үшін қолжетімді тұрғын үй жүйесін дамыту, жастардың құқықтық мәдени деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу сияқты маңызды шаралар бар.