Шымкент әкімі Қонаев даңғылы жалғасының құрылыс барысын аралады

Шымкент әкімі Қонаев даңғылы жалғасының құрылыс барысын аралады

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Оңтүстік» айналма жолының құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Айналма жолдың құрылысы Ленгір тас жолынан КХ-15 облыстық маңызы бар автожолына дейін жүргізіледі.

2021-2022 жылдарға жоспарланған жол құрылысының ұзындығы – 16 шақырым. Құрылысты «Корпорация Береке-А» мердігер мекемесі жүргізіп отыр.

Айналма жолдың Шымкент — Ташкент тасжолында қиылысатын бөлігінде көпір салынып, жол жабынының жерді қысымдау жұмысы атқарылуда.

Құрылыс нысанының 6 учаскесінде жолдың негізін дайындау, қазу жұмыстары қолға алынған. Биыл жолайрық құрылысы, байланыс, электр, газ, сыртқы сумен қамту жүйелерінің орнын ауыстырылуда.Жобаға сәйкес 4 орыннан жауын суына арналған Д1000, Д1500 құбырлары орнатылып жатыр.

Қазіргі кезде 6 учаскеде 14 экскаватор, 45 самосвал, 8 каток, 5 грейдер, 1 бульдозер, 4 водовоз, 3 погрузщик, 1 бензовоз, жалпы саны 81 техника қызмет көрсетуде.

Сонымен қатар, қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Д.Қонаев даңғылы жалғасы құрылысының 2 және 3 кезеңі бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады. Орындалған әрбір жұмысқа зертханалық сынақтамалар жүргізіліп, сапасы тексерілуін тапсырды.

Сондай ақ, Қонаев даңғылы жалғасының екінші кезеңі бойынша инженерлік желілерді орнын ауыстыру, мемлекет мұқтажына алынған үйлерді сүру жұмыстарымен қатар ұзындығы 0,561 шақырымды құрайтын үшінші кезеңі бойынша қазіргі уақытта жол мен аяқ жолдардың негізін әзірлеу, абаттандыру және жер үсті жаяу жүргінші өткелін жасау жұмыстары атқарылуда. Жалпы Қонаев көшесінің басынан соңыда дейін түрлі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қала тұрғындары мен қонақтарынан осы жұмыстар аяқталғанша сабырлық сақтауды сұраймыз.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша Павлодар облысы барлық негізгі макрокөрсеткіш бойынша оң динамиканы көрсетуде. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,8...

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру шеңберінде білім беру, денсаулық сақтау, салықтық және кедендік...