Ахмет Байтұрсынов атындағы N50 мектеп-гимназиясының 8"Ж" сынып оқушысы 11.12.2007 ж. туылған Сапаралы Аружан Маратқызы Шымкент қаласы, Самал мөлтек ауданы, Шерімқұлов көшесі 20 үйде тұрады. Әкесі -Қалдыбаев Марат Сапаралиевич, анасы- Исабаева Гүлбану Асылхановна. Аружан көпбалалы толық отбасының 3-перзенті. 2020 жылы 12 жасында алғаш кикбоксинг спортына барған. Тренері- Артықбаев Бобиржан Сатимбаевич кикбоксингтен Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ұлттық дәрежедегі төреші.
Сапаралы Аружан Маратқызы 2021 жылы 05 маусымда өткен 2007-2008ж.т. және 2009-2010 ж.т. кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында 40кг салмақ дәрежесінде бақ сынап, Қазақстан республикасының мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің дипломымен, медальімен марапатталды. 2021 жылы 10-13 қараша аралығында Нұр-сұлтан қаласында Досымбай Азаматты еске алуға арналған Республикалық ашық турнирінде 2006-2007 ж.т. жасөспірімдер арасында 52кг салмақта 1-орынды иемденген. Аружан Маратқызы 2022 жылы 12-15 мамыр аралығында Түркияның Стамбул қаласында 45 мемлекеттің қатысуымен ересектер, жастар және жасөспірімдер арасында кикбоксингтен Әлем Кубогі жолындағы жарыста 44 кг-да рингке шығып, үш кездесу өткізіп, үшеуінде айқын басымдықпен ұтып, әлем кубогын жеңіп алды. Спорт мамандары Аружан Маратқызы өнеріне жоғары баға берді! Алдағы уақыттарда спортшы қызымызға тек жеңістер тілейміз. Сондай-ақ спортшымыз елімізді спорт әлемінің биік орындарында әлі талай көрсетеді деген ойдамыз. Спортшымызға тек жақсылықтар тілейміз. Еліміз бойынша жас спортшыларға мемлекет және кәсіпкерлер тарапынанда қолдау көрсетілсе, деп хабарлайды Шымкент қалалық Білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.