Шахмат бәсекесінің финалдық кезеңі өтуде

Шахмат бәсекесінің финалдық кезеңі өтуде

Шымкент қаласының «Орталық саябақ» аумағында «Шымкент жастар лигасы» ойындарындағы шахмат бәсекесінің финалдық кезеңі өтуде, деп хабарлайды қалалық ақпараттық — коммуникациялық орталығына  сілтеме жасаған no-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Спорттың шахмат түрінен іріктеуге 130 команда қатысып, финалдық кезеңге әр ауданнан төрт, жалпы 16 команда жолдама алды. Жеңімпаз және жүлдегер командалар бүгін анықталмақ.

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйым өкілдері іс-шараның ашылу рәсіміне қатысып, тартысты ойындарды тамашалады. Шыңғыс Жұмабекұлы іс-шараның маңыздылығына тоқталып, ойыншыларға сәттілік тіледі.

– Былтыр тартысты ойындардың куәсі болдық. Биыл «Балалар жылы» аясында да қызықты бәсекелер өтуде. Шахмат – спорттың бекзат түрі, адамның ойлау қабілетін дамытады. Жылдан жылға бәсекелестік артып келеді. Финалдық кезеңнің жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталады, – деді қала әкімінің бірінші орынбасары.

«Шымкент жастар лигасы» жобасы 2021 жылдың 23 қазан күні басталған болатын. Сайысты 2022 жылдың 1 маусым күні аяқтау жоспарлануда. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Орталық стадион аумағында марапатталады.

Айта кетейік, «Шымкент жастар лигасына» спорттың футбол, баскетбол, волейбол, шахмат түрлерінен 151 жалпы орта білім беру мектептерінен 514 команда құрамында 5926 оқушы қатысуда. Атап айтқанда Шымкент қаласының Абай ауданында — 37, Әл-Фараби ауданында -25, Еңбекші ауданында — 40, Қаратау ауданында – 38. Сонымен қатар, командаларға қолдау көрсетуге 151 мектептен Фан – клуб командалары жасақталып 2265 оқушы қамтылды. Әрбір қатысушыға гроссмейстер болуда тілейміз. Елімізді әлемдік деңгейде таңытатын шахматшылар боларына нық сенімдеміз.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...