ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ХАТШЫСЫ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ХАТШЫСЫ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Қазақстан бойынша жалпы халықтық референдумда дауыс беру өтуде. Сайлау учаскелері сағат 07:00-ден бастап жұмыс істеуде.

Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов отбасымен №154 дауыс беру учаскесіне келді. Халық қалаулысы отбасымен келіп, дауыс берді, деп хабарлайды "Шымкент келбеті" газетінің тілшісі  Нұрлан Бектаев.

– Қазақстаннның болашағы үшін отбасымызбен дауыс беруге келдік. Отбасымызда бес адам дауыс беру құқығына ие. Осы орайда бүкіл отандастарымызды жаңа Конституция үшін, жаңа Ата заңмен Жаңа Қазақстанға аяқ басу үшін референдумда дауыс беруге шақырады. Менің ойымша, қазіргі таңда еліміз жаңа даму үрдісіне аяқ басты, – деді Бахадыр Нарымбетов.

Айта кетейік, Қазақстан халқы Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдумда дауыс беруде. 

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...