Әлем чемпиондарына құрмет көрсетілді!

Әлем чемпиондарына құрмет көрсетілді!

Жуырда Қырғызстан Республикасының астанасы Бішкек қаласында гір тасын көтеруден жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында төрт бірдей жерлесіміз елге жүлделі оралып, халықаралық аренада Еліміздің мерейін үстем еткен болатын.

Дәлірек айтсақ, Алғабас балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің түлектері,

68 келі салмақта Нұртас Сағынғали мен

68+(абсалют) келі салмақта Аббасов Алишан әлем чемпионы атанса;

68 келі салмақта Мұхамеджан Жанаділ күміс жүлдені қанжығасына байлап;

53 келі салмақта Усейн Рамазан үздік үштікті түйіндеді.

Еліміздің намысын қорғап келген жас өрендерімізге Елорда күніне орайластырылған іс-шарада аудан әкімінің орынбасары М.Жанесен құрмет көрсетіп, Алғыс хат және естелік сыйлықтармен марапаттады.

Жас чемпиондардың биіктен көрінуіне аянбай еңбек еткен бапкері Рүстем Алпамысовқа аудан тұрғындары атынан алғысымызды білдіреміз!

Жас спортшыларымызды жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы байрақты бәсекелерде сәттік тілейміз.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов авиация саласын дамыту мәселелері бойынша жиын өткізді. Президенттің Қазақстанның авиациялық хаб ретіндегі рөлін...

Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың медицина қызметкерлерін қорғауды күшейту және денсаулық сақтау мекемелеріндегі...