«Түркістан - Ер Түріктің бесігі» атты ақындар айтысы өтті

«Түркістан - Ер Түріктің бесігі» атты ақындар айтысы өтті

Бүгін Түркістан қаласының облыс орталығы атанғанына 4 жыл толуына орай «Түркістан - Ер Түріктің бесігі» атты ақындар айтысы өтті. Дүбірлі додада айтыстың ақтаңгерлері Бекарыс Шойбеков, Айбек Қалиев, Мұхтар Ниязов, Жансая Мусина, Нұрзат Қару, Шұғайып Сезімхан, Нұрлан Есенқұлов, Мейірбек Сұлтанхан сынды жалынды ақындар бақтарын сынады.

Айтыстың ашылу салтанаты Түркістан қалалық Мәдениет үйі өнерпаздарының «Йассы шаһары» тақырыбындағы театрландырылған көрініспен басталды. Түркістан қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен жыр сайысында сөз алған Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев барша ақындарға сәттілік тілеп, айтыс өнерінің берері мол рухани құндылық екенін тілге тиек етті.

Аламан айтыстың алғашқы жұбын шымкенттік Нұрлан Есенқұлов пен алматылық ару Нұрзат Қару бастады. Әдемі әзілдермен өрілген қыз бен жігіт айтысы көрермендер көзайымына айналды. Сондай-ақ, айтыс өнерінің азулы арландары түркістандық Бекарыс Шойбеков пен торғайлық Айбек Қалиевтың тартысты айтысы да көпшілік көңілінен шықты. Алтын домбыраның үш дүркін иегері қызылордалық Мұхтар Ниязов пен Ақжайықтың аруы Жансая Мусина арасындағы айтыс та әдемі әзілдермен кө көмкерілді.

Ал, Нұр- Сұлтаннан келген Мейірбек Сұлтанхан мен алматылық Шұғайып Сезімхан арасындағы сайыс та айтары мол айтыс болды.

Бас жүлдені алматылық ақын Шұғайып Сезімхан иеленсе, оралдық ару Жансая Мусина бірінші орынға лайық деп танылды. Ал екінші орынды қызылордалық Мұхтар Ниязов жеңіп алса, үздік үштікті түркістандық Бекарыс Шойбеков мен Арқалықтың арқалы ақыны Айбек Қалиев қортындылады. Одан бөлек, Тәушен Әбуова атындағы номинация Нұрзат Қаруға берілсе, Қаныбек Сарыбаев атындағы номинация Нұрлан Есенқұловқа табысталды. Сондай-ақ, Көпбай Омаров атындағы номинация Мейірбек Сұлтанханға берілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шымкент қаласы медициналық туризмді дамыту бағытында жоғары технологиялық мамандандырылған медициналық көмек көрсететін алдыңғы қатарлы қалаға...

2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жұмыс берушілер 5,1 млн жұмыскердің пайдасына 464 млрд теңге сомасына міндетті зейнетақы жарналарын аударды,...

Премьер-министр Олжас Бектенов Грузияның экономика және тұрақты даму министрі Мариам Квривишвилимен кездесу өткізді. Онда сауда мен инвестицияларды...

Мемлекет басшысының туристік сала мәселелері жөніндегі тапсырмасына сәйкес Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың басшылығымен...