Аудан әкімі төрт ауылдың тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі төрт ауылдың тұрғындарымен кездесті

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың: «Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін. Кездесулер барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін»- деп айтылған жарлығына сәйкес бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбай Достық, Ақшеңгелді, Сүткент және Қызылқұм ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесіп, талап-тілектерін тыңдап, елді мекендердегі қордаланған түйіткілді мәселелерге қанық болды.

Аудан басшысы тұрғындардың ағын су, жер, мал шаруашылығы, ауыз су және басқа да әлеуметтік тақырыптар бойынша көтерген мәселелерге толыққанды жауап қайтарып, шешуге тиісті әр істі жеке қадағалауына алатындығын жеткізді. Сондай-ақ, кездесу барысында ауыл әкімдеріне, мемлекеттік мекемелер мен дербес бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар беріп, әр тұрғынның мәселесін оңтайлы шешу керектігін атап айтты.

Айта кетсек, аудан әкімі 13 шілде Алатау батыр, Ұзыната, Көксу және Қоссейіт ауылдарының және14 шілде күні Қ.Тұрысбеков, Жаушықұм ауыларының және Шардара қаласының тұрғындарымен кездесетін болады!

Құрметті аудан тұрғындары, көкейіңізде жүрген өзекті сауалдарыңызды кездесулер барысында айтып, мәселелерді біргелесіп шешуге шақырамыз!

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...