Инвестиция тартудан Бадам көш бастап тұр

Инвестиция тартудан Бадам көш бастап тұр

Аудан әкімдерінің халықпен кездесу кестесіне сай аудан әкімі Бағлан Батыршаев Бадам ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Есепті жиында осы жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар мен алда қолға алынатын жоба-жоспарлармен таныстырды.

Ауданымыздың ірі өндіріс орындары орналасқан Бадам ауылдық округінің өнеркәсіп және инвестициялық потенциялына тоқталып, кәсіпкерлік саласындағы ауқымды жобаларды атап өтті.

«Шағын кәсіпкерлік саласында 2022 жылдың 6 айында инвестициялық құны 91,0 млн. теңгені құрайтын 4 жоба іске қосылды. Ал, өнеркәсіп саласында ірі 5 жоба жүзеге асырылуда. Атап айтар болсақ, «BOKEI» ЖШС, «Green Technology Industries» ЖШС, «Батсу водоканал» ЖШС, «Оңтүстік кірпіш» ЖШС, «Ордабасы Сапар» орталығы. 5 млрд. 399,0 млн.теңгені құрайтын бұл жобаларға 382 жаңа жұмыс орындары ашылып, аудан тұрғындары жұмыспен қамтылатын болады. Биыл аудан әкімдігімен 15 кәсіпорын арасында 2 жақты ынтымақтастық меморандумға қол қойылды. Нәтижесінде өндірістік кәсіпорындардың демеушілігімен ауыл тұрғындарына қажетті әлеуметтік кіші нысандар салынады», деді аудан әкімі халықпен кездесуде.

Ортақ жайылымдық жерлер көлемі тапшы Бадам ауыл округінен жалпы алаңы 1062 га жайылымдық жерді аудандық қорға қайтарып, ортақ жайылымға бекітіп беру мақсатында аудан әкімдігінің арнайы Қаулысы қабылданды.

«1-алқаптан 2-өнім алу», тамшылатып және жаңбырлатып суғару жүйесі бойынша көкөніс өнімдерінің өнім көлемі артып, жылыжай аумағы қосымша 1,5 гектарға ұлғайтылды. Ауыз су, электр энергиясы, табиғи газбен қамту бағытында Бадамға қарасты ауыл, елді мекендерде құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Әсіресе ауыз су жүйелерін тарту, арнайы қондырғылар орнату, төлем жүйесін орталықтандыру бойынша аудандық «Таза су» мекемесі жүйелі жұмыс істеуде. Сондай-ақ, Дербес, Мамыр, Ақбұлақ ауылдарының ішкі орамдық көшелеріне асфальт, тас төселуде.

«Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында Дербес елді мекенінен ФАП пен 300 орындық мектеп құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...