Шымкентте жаңа аялдамалар орнату жұмыстары басталды

Шымкентте жаңа аялдамалар орнату жұмыстары басталды

Шымкентте биыл қалаішілік орталық көшелерге 178 аялдама павильонын орнату жоспарлануда. Барлық аялдамалар Шымкент қаласының жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасына сәйкес орнатылады.

Бүгінде қала ішінде жоспарға сәйкес 14 аялдама павильоны қойылды. Аялдама орнату жұмыстары шілде айында басталды. Аталмыш жұмыстарды орындау «Strong Servise» ЖШС және «Aicom» ЖШС-на тапсырылған.

Жалпы қала бойынша 1886 аялдама орны бар. Оның ішінде 1336-не аялдама павильоны орнатылған болса, қалғанында аялдама белгілері орнатылған. 2021 жылдың қорытындысымен жаңа үлгідегі аялдама саны 670. Қала бойынша жалпы үлесі 35,5% құрайды.

Жаңа автобустар кезең-кезеңімен жаңартылып, қалада жаңа аялдамаларды орнату жұмыстары қолға алынған. Қалада 1886 аялдама орны болса, 442-не аялдама жетіспейді. Соның бәрі кезең-кезеңімен ауыстырылады. 2021-2025 жылға арналған даму жоспарына сәйкес, 5 жылда 1050 аялдама қою жоспарланып отыр. Бүгінге дейін 670 жаңа аялдама қойылды. Бес жылда аялдамаларды жаңарту 83 пайызға жетпек. Жалпы жыл басынан бері басқарма тарапынан қала бойынша 63 аялдама демонтаж жасалып, шалғайдағы елдімекендерге орнатылды. 2021 қалада 65 аялдама орнатылды.

Ал ауыстырылған ескі үлгідегі аялдамалар қаланың шалғай елді мекендеріне орналастыру жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы қалада 250 аялдама павильоны орнатылды. Оның 170 данасы ескі аялдаманың орнына, ал 80 данасы бос орындарға қойылуда. Айта кету керек, қала орталығынан шыққан 170 ескі аялдаманың 60%- жарамсыз, ал 40%-ы шалғай аудандардағы бос орындарға орнатуға жарайды. Қолға алынған жұмыстың нәтижесінде, 2025 жылы қала аялдама павильонымен толық қамтамасыз етілетін болады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...