Ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

Ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Еуропа қайта құру және даму банкінің Орталық Азия бойынша басқарушы директоры Харгитай Жужаннамен кездесу өткізді.

Кездесуде Қазақстан Республикасының жасыл экономикаға көшу шеңберінде Шымкент қаласын дамыту, Қазақстанның «Жасыл қалалар» бағдарламасын енгізу және дамыту арқылы 2060 жылға қарай Париж келісімінің мақсаттарына және көміртегі бейтараптығына қол жеткізуі, ЕҚДБ-ның Қазақстандағы энергетика, көлік және коммуналдық инфрақұрылым және жасыл экономика саласындағы көрсеткіштері жайлы сөз қозғалды. Сондай-ақ, Шымкент қаласы мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі басымдықтары талқыланды.

ЕҚДБ тарапынан Шымкент қаласында шағын және орта бизнес өкілдеріне қолдау білдіру жұмыстарының жалғасы табылатындығы жеткізілді.

Кездесу барысында қала әкімі ынтымақтастықты нығайтуға ниетті ЕҚДБ өкілдеріне алғысын білдіріп, тараптар өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

2019жылы Францияның Алматыдағы Бас консулы Алексис Шахтахтинскиймен, Қазақстан Республикасындағы GG Group трансұлттық корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы, непалдық миллиардер Бинод Чаудхаримен, Америка Құрама Штаттарының Бас консулы Эрик Майермен, Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Кийтуметци Сийпело Тандека Мэттьюспен, Орталық Азия бойынша Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушы директоры Бруно Балванера бастаған делегациямен, Қазақстан Республикасындағы Чех Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Рудольф Гиклмен, Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Ким Хынг Сумен, Ресей Федерациясының Алматыдағы бас консулы Евгений Бобровпен т.б. шетелдік өкілдермен кездесулерінде сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Құрамында чехиялық 17 компанияның өкілі бар Чех Республикасы Парламенті депутаттары Палатасының Төрағасы Радек Вондрачек бастаған делегацияның қатысуымен «Rixos Khadisha Shymkent» қонақ үйінде өткен ҚАЗАҚСТАН-ЧЕХ бизнес — форумы да екі ел арасында сауда-экономикалық қатынастардың өркендеуіне серпін беретіні анық.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...