ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ШАРУАЛАРДЫҢ АҒЫН СУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАУЫП КЕЛЕДІ

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ШАРУАЛАРДЫҢ АҒЫН СУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАУЫП КЕЛЕДІ

Соңғы жылдары таулы аудандардағы жауын-шашын мен мұз деңгейінің төмендігінен отырарлық шаруаларды ағын сумен қамтамасыз ету күрделі мәселелерге айналып келеді. Әсіресе шілде, тамыз айлары аралығында ағын су деңгейінің шамадан тыс төмендеуі шаруалардың мол өнім алуына кедергі келтіруде.
Аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов ағын су жетіспеушілігін жою мақсатында «Қызыл ту» насос станциясындағы су айдайтын насостарды күрделі жөндеуден өткізіп, шаруаларды қажетті мерзімде ағын сумен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Осы орайда, аудан әкімінің орынбасары Ержан Оралбай аудан басшысы тапсырмаларының орындалу барысымен және ағын су арналарының өткізгіштік қабілетімен танысып, «Қызыл ту» насос станциясының жұмысын көрді.
«Қызыл ту» станциясында орналасқан 4 дана СНП-500 маркалы насостарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қолданысқа берілген. Бүгінгі таңда Д.Алтынбеков каналы арқылы 6,5 м/с су босатылса, Арыс өзеніндегі Сырдария өзенінің кері тепкісінен насос станциясы арқылы каналға қосымша 2 м/с су тасталуда. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Талапты ауылының Сегіз там тұсындағы егін алқаптары толығымен суғарылып, Қоғам ауыл округі шаруаларының мәселесі шешімін тапты.
Ендігі кезекте Қарғалы ауыл округінің Отырар елдімекені аумағындағы егіс алқаптарына су жеткізу басты назарға алынып отыр. Аудан әкімдігі тарапынан шаруаларға қажетті су жеткізу үшін күнделікті кезекшілер қойып, қатаң бақылауда ұстау назарға алынған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...