ТҮРКІСТАН: САЙРАМДАҒЫ ЖАҢА ТІГІН ШЕБЕРХАНАСЫ 28 МЫҢ ДАНА ӘСКЕРИ КИІМ ТІГУГЕ ТАПСЫРЫС АЛДЫ

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДАҒЫ ЖАҢА ТІГІН ШЕБЕРХАНАСЫ 28 МЫҢ ДАНА ӘСКЕРИ КИІМ ТІГУГЕ ТАПСЫРЫС АЛДЫ

Түркістан облысында шағын және орта кәсіпкерлік дамып келеді. Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібековтің Қарабұлақ ауылдық округіндегі жұмыс сапарында «ALITEX» тігін цехінің әлеуеті жұртшылыққа таныстырылды.
Жеке кәсіпкер Сардар Усманов жаңа цехті іске қосуға өз есебінен 20 млн. теңге қаражат жұмсаған. Цех жұмысын биыл мамыр айының соңында бастады. Қажетті құрал-жабдықтар мен жиһаздармен қамтылған.
Бүгінгі таңда цехта 18 мың дана жаздық және 10 мың дана қысқы әскери киімге тапсырыс алынып, пішіп, тігу жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпорында 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Тігіншілердің орташа айлық-жалақылары 80-90 мың теңгені құрайды.
Сайрам ауданында сәтті жүзеге асырылып жатқан жобаның бірі – «Ауыл – ел тірегі». Онкүндік аясында Манкент ауылдық округінде бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, 2 рет сенбілік өткізіліп, 15 шақырым көше бойлары және 6 шақырым аяқ жолдары тазартылып, қураған шөптер орылды. Округ аумағындағы 3 зиярат (мазарат) орындарында абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар көшелерде 360 түп декоративті ағаш әктелсе, 250 бағана сырланып, әктелген. Тозығы жеткен 25 электр бағанасы ауыстырылды, 4 дана трансформатор сырланып, қоршалды. Тазалық жұмыстарына қажетті техникалар жұмылдырылып, 45 текше метр көлемінде күл-қоқыстар шығарылды. Мемлекеттік мекемелер тарапынан және асар жолымен халықты тарта отырып, 7 техниканың көмегімен 1,5 шақырым канал механикалық тазалаудан өткізілген. Азаматтық қоғамды және жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіретін бұл жобаны тұрғындар да жоғары бағалап отыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...