ТҮРКІСТАНДА 2 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКІЗІЛІП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАНДА 2 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКІЗІЛІП ЖАТЫР

Қазіргі таңда Түркістан қаласындағы Төле би атындағы №19 және М.Пошанов атындағы №21 жалпы орта мектептері күрделі жөндеуден өткізілуде. Бүгін Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова аталған білім ошақтарында күрделі жөндеу жұмыстарының қандай деңгейде жүріп жатқанын зерделеп шықты.
— Жаңа оқу жылында оқушылар жаңарған мектепте білім алатын болады. Мердігер мекемелер өз жұмысын тиянақты атқаруда. Негізі құрылыс жұмыстары келесі жылға өтпелі болғанымен, мүмкіндігінше биылғы оқу жылына дейін аяқтау міндеті тұр. Жалпы сапалы жұмыстың нәтижесін көріп тұрмыз. Мұның барлығы түркістандық оқушылардың игілігі үшін атқарылып жатқан жұмыстар, — деді Оразкүл Шайхықызы.
Аталған білім ұяларында күрделі жөндеу тамыз айының ортасында аяқталады деп жоспарланған. Төле би атындағы №19 жалпы орта мектептің директоры Алтынбек Момбековтің айтуынша, құрылыс жұмыстарын «Kazintelgroup» мердігер мекемесі жүргізуде. Ал М.Пошанов атындағы №21 жалпы орта мектеп директоры Руслан Стамқұлов күрделі жөндеу жұмыстары 90 пайызға аяқталғанын хабарлады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы АЭС құрылысын жүргізуге қатысты жалпыхалықтық референдумды 6 қазанға белгілегеннен кейін, елдегі жетекші саяси партиялар мен...

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдаулар­ындағы басты мақсат – халықтың табысын арттырып, әділетті азаматтық қоғам құру. Биылғы Жолдаудағы 9...

Үкіметте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен жер комиссиясының жаңа форматтағы отырысы өтті, деп хабарлайды ...