ТҮРКІСТАН СПОРТШЫЛАРЫ IV АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНДА ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН СПОРТШЫЛАРЫ IV АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНДА ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛДЫ

Жетісу облысында IV ауыл спорты ойындары өз мәресіне жетті. 25 шілдеден бастап Талдықорған қаласында 14 өңірдегі ауылдардан келген 3000-ға жуық жас спортшы спорттың 12 түрінен: шағын футбол, волейбол, баскетбол (3*3), көгалдағы хоккей, қазақ күресі, асық ату, тоғызқұмалақ, армрестлинг, грек-рим күресі, дзюдо, еркін күрес пен үстел теннисінен сынға түсті.
Аса тартысты өткен сайыстың қорытындысы бойынша жерлестеріміз мынадай нәтижеге қол жеткізді. Жарыстың алғашқы күні қол күресінен жалпыкомандалық бірінші орынды иеленіп, алтын медальді еншілесе, дзюдо күресінен Түркістан облысы балуандары жалпыкомандалың екінші орын иеленді. Баскетболдың 3х3 түрінен ұлдар арасында Түркістан облысы құрама командасы жеңімпаз атанды. Бұл сында түркістандық қыздар да жеңістің шыңын бағындырды. Қазақтың ұлттық спорт түрі тоғызқұмалақтан жерлестеріміз күміспен күптелді. Бұдан өзге Жетісу облысында өткен республикалық ауыл спорты жасөспірімдер сайысында асық атудан ұлдар арасында түркістандықтар топ жарды. Бес асық ойнаудан облыстың қыздар командасы төртікке енді. Ал еркін күрес шеберлері де өз мықтылықтарын көрсетіп, жалпыкомандалық есепте жеңімпаз атанды. Ойындардың соңғы күні қазақ күресінен үздік шыққан командалар белгілі болды. Қазақ күресінен 112 ұпаймен Түркістан облысы топ жарса, Жетісу облысының өкілдері екінші, Қарағанды облысының саңлақтары үшінші орынға ие болды.
Осыдан кейін IV ауыл спорты ойындарының қорытынды ұпайын жариялау және жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне кезек келді. Қорытынды есепте 290 ұпай жинаған Жетісу облысы 1-орынды иеленді. Ал 268 ұпайы бар Алматы облысы 2-орын алса, 256 ұпаймен Түркістан облысының командасы үшінші орынға тұрақтады.
Дәстүр бойынша төрт жылдан кейін ауыл спорты ойындарын қабылдайтын өңір анықталды. Ойындардың туын Жетісу облысы Ақтөбе облысына тапсырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...