БИЫЛ ТҮРКІСТАН БАЛАЛАР ОЙНАЙТЫН 20 АЛАҢШАМЕН ТОЛЫҒАДЫ

БИЫЛ ТҮРКІСТАН БАЛАЛАР ОЙНАЙТЫН 20 АЛАҢШАМЕН ТОЛЫҒАДЫ

Түркістан қаласында ойын алаңшалары саны артып келеді. Өңір басшысының тапсырмасымен инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары жалғасуда.
Шаһар басшысы Нұрбол Тұрашбеков орталықтағы жұмыстар барысын бақылап, «Яссы» секторының І.Қожабаев көшесіндегі және «Бірлік» секторындағы балалар ойын алаңшаларын көріп, жұмыс сапасын тексерді.
Қазіргі таңда қаланың бірнеше аумағында балалар ойын алаңшалары мен стрит воркауттар, шағын ойын алаңшалары салынуда. Жыл басынан бері шаһарда оннан астам балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті жиырмаға жеткізу көзделген. Атап айтқанда, «Яссы» мөлтек ауданындағы Сақ қорған көшесі, Баянауыл мектеп орны, Керей хан көшесінде, «Шауғар» мөлтек ауданындағы Ғ.Мұратбаев мектебі мен Абылай хан көшесінде жасақталуда. Сонымен бірге Кентау тас жолы бойы мен «Бекзат» секторында да балаларға арналған ойын алаңшалары салынып, тұрғындар игілігіне беріледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында Президенттің энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ақын, сазгер, Қазақстанның халық жазушысы, «Парасат» орденінің иегері Исраил Сапарбайдың дүниеден өтуіне...

Премьер-министр Олжас Бектенов «Металлург күні» кәсіби мерекесіне орай тау-кен металлургия саласының еңбеккерлеріне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік...